Метка: мельдоний

  • Жәнібек Әлімханұлының дауы: спортшыға тағайындалған дәріден тыйым салынған зат табылды

    Жәнібек Әлімханұлының дауы: спортшыға тағайындалған дәріден тыйым салынған зат табылды

    Мельдоний спортшы ағзасынан шұғыл медициналық көмек кезінде тағайындалған дәрі арқылы табылды. Бұл туралы спорт федерациясының өкілдері хабарлады.

    Мәліметке сәйкес, оқиға жекпе-жектен кейінгі қалпына келу кезеңінде болған. Денсаулығы нашарлаған спортшы дәрігерге жүгінген, сол кезде оған емдік препарат тағайындалған. Кейін сараптама препарат құрамында мельдоний бар екенін анықтады.

    Федерация өкілдері аталған дәрінің Қазақстанда заңды түрде тіркелгенін және дәріханаларда сатылатынын атап өтті. Алайда оны тағайындаған дәрігер спорт медицинасы маманы емес, сондықтан допингке қарсы халықаралық ережелерді ескеру міндетті талап болып саналмайды.

    Тәртіптік комиссия медициналық құжаттарды және допинг сынамасының нәтижелерін зерттеуді жалғастыруда. Спортшы тарапынан нәтижені жасанды түрде жақсарту ниеті болмағаны айтылды.

    Қорытынды шешім халықаралық спорт ережелеріне сәйкес қабылданады.

  • Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған зат табылды: WBO тергеу бастады

    Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған зат табылды: WBO тергеу бастады

    VADA (Ерікті допингке қарсы қауымдастық) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған зат анықтады. Алғашқы мәліметтер бойынша, бұл мельдоний болуы мүмкін. Осыған байланысты Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) ішкі тергеу жүргізу туралы хабарлады.

    WBO ресми мәлімдемесінде былай делінген:
    «WBO ережелері мен регламентіне сәйкес, сондай-ақ адалдық, спортшылардың қауіпсіздігі және әділ бәсекелестік қағидаттарына берілгендігімізді растай отырып, ұйым ішкі тергеу үдерісін бастайды».

    Әлімханұлы – Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған еді. Айқаста үш чемпиондық белдік сарапқа салынуы тиіс болатын.