Метка: Мемлекет басшысы

  • Мемлекет басшысының жаңа Жарлығы: Отбасы құндылықтары мен құқықтарын қорғау күшейтіледі

    Мемлекет басшысының жаңа Жарлығы: Отбасы құндылықтары мен құқықтарын қорғау күшейтіледі

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент жанындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды. Жаңа құрылым Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында қызмет етеді. Сондай-ақ уәкіл аталған комиссия төрағасының орынбасары міндетін қоғамдық негізде атқаратыны белгіленді. Бұл қадам мемлекеттік деңгейде отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау тетіктерін үйлестіруді жаңа сатыға көтеруді көздейді.
    Жарлыққа сәйкес, жаңадан құрылған институттың алдына бірнеше стратегиялық мақсат қойылған. Уәкілдің негізгі қызметі отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттауға және мемлекеттік демографиялық саясатты іске асыруға бағытталады. Бұдан бөлек, құжатта отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу мәселелеріне басымдық берілген. Осылайша, жаңа институт отбасылық саясат саласындағы мемлекеттік бастамаларды іс жүзінде тиімді жүзеге асырудың маңызды құралына айналмақ.

  • Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру: елдегі барлық елді мекендер 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

    Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру: елдегі барлық елді мекендер 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

    Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуанды Қажкенов елді мекендердің су және су бұру жүйелері мәселелері бойынша Үкімет отырысында Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасының толық орындалды деп хабарлайды Sona.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
    Оның айтуынша, тапсырманы орындау кезеңінде республикалық бюджеттен 1,6 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға шамамен 835 млрд теңге бөлінген, оның ішінде 132 млрд теңге — арнайы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен.
    Нәтиже:
    •34 қала және 756 ауылдық елді мекен орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған;
    •жергілікті бюджет қаражаты есебінен 699 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған.
    Салыстыру үшін, 2021 жылы ауыл халқының 90%-ы және қалалық халқының 97,5%-ы ғана су қызметтеріне қол жеткізген.
    Вице-министр атап өткендей, бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасының мақсатты көрсеткіші орындалып, 90 қала мен 6 087 ауылдық елді мекендегі 7,5 млн адам толық қамтылған.
     Судың сапасы мен желілерді жаңарту:
    •9,5 мың км-ден астам желі қайта жаңартылып, кеңейтілген:
    •қалаларда  1,8 мың км
    •ауылдық жерлерде  7,7 мың км
    •желілердің тозу деңгейі 38%-ға төмендеген.
     2026 жылы жалпы трансферттер аясында 128 млрд теңге қарастырылған:
    •78 млрд теңге  су жабдықтау жүйесіне
    •50 млрд теңге  су бұру жүйесіне
    Сонымен қатар, модернизация жұмыстары Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында заем қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады.
  • Мемлекет басшысы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

    Мемлекет басшысы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

    Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық форумының аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы Павел Дуровпен кездесті, деп хабарлайды Sona.kz Ақордаға сілтеме жасап.

    Әңгіме барысында білім беру, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Telegram-ның еліміздің цифрлық күн тәртібін дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

    Компания ресми түрде Astana Hub технопаркінің қатысушысы атанып, Қазақстанда өз кеңсесін ашты және AIem.Ai орталығында жасанды интеллект зертханаларын іске қосты.

    Өз кезегінде Павел Дуров Президентке жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын таныстыр

  • Қаржы нарығын реттеу агенттігіне жаңа орынбасар тағайындалды

    Қаржы нарығын реттеу агенттігіне жаңа орынбасар тағайындалды

    Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    Тимур Әбілқасымов 2011 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «бизнес экономикасы» және «мемлекеттік саясат экономикасы» мамандықтары бойынша бітірді. Лондон бизнес және қаржы мектебінде «тәуекел-менеджмент» мамандығы бойынша МВА дәрежесін алған.

    Тәуекелдерді басқару жөніндегі кәсіби мамандардың жаһандық қауымдастығы (Financial Risk Manager) халықаралық сертификатының иегері. Бұдан басқа, Тимур Әбілқасымовтың операциялық тәуекелдер, Базель III және Data science бойынша сертификаттары бар. Сондай-ақ ол «Қазтеміртранс» АҚ және «Kazakhstan Energy Reinsurance Company» директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқарғаны белгілі.

    М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-да аға оқытушы болып жұмыс істеді.

    Тимур Әбілқасымов «Radius Advisory Lab» ЖШӘ консалтингтік компаниясының әріптесі лауазымын атқарды, онда ол Қазақстанның және Өзбекстанның коммерциялық банктеріне және ірі холдингтеріне тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ХҚЕС стандарттарын енгізу жүйелерін жетілдіру мәселелері бойынша консультация берді.

    Квазимемлекеттік сектор компанияларында және ЕДБ-да жұмыс істеді, ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мәдина Әбілқасымованың кеңесшісі болды.

  • Президент жаңадан тағайындалған спорт министріне нақты міндет жүктеді

    Президент жаңадан тағайындалған спорт министріне нақты міндет жүктеді

    Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру, бапкерлер құрамын күшейту, саланы ғылыммен ұштастыру бағытында міндет жүктеді.

    Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты.

  • Президент салықтықта есеп-шотты бұғаттамауға шақырды

    Президент салықтықта есеп-шотты бұғаттамауға шақырды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласында оңды-солды жазалаудан бас тартуға шақырды.

    «Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын. Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру өзекті мәселе екенін жеткіізді.

    «Кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қалдырған абзал. Мысалы, өндірісті өркендетеміз деген инвесторларға артықшылық беруге болады. Яғни, құрылыс салуға, активтерді сатып алуға, жаңғыртуға және қайта құруға бір реттік салық жеңілдігін берген жөн. Терең өңделген өнімді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру маңызды. Олар өзге бизнеске қарағанда көбірек қолдауға ие болуы керек»,- деп толықтырды Президент халыққа жолдауында.

    Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсырды.

    «Қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау қажет. Бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайды. Жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болады деп санаймын.Көлеңкелі экономика үлесінің жоғары деңгейде қалуы қаржы саласындағы ахуалды ушықтырып тұр. Оны айтарлықтай төмендету үшін мұқият ойластырылған жан-жақты шаралар қабылдаған жөн. Атап айтқанда, шекарадағы кеден бекеттеріне қатысты барлық жұмысты тез арада аяқтау қажет. Сондай-ақ сыртқы сауда операцияларынан түсетін кірістің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу керек», — деді Мемлекет басшысы.

  • ПРЕЗИДЕНТ: бұрынғы жүйеден, саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды

    ПРЕЗИДЕНТ: бұрынғы жүйеден, саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды

    «Ылғи да кейін қайырылып, өткенмен өмір сүруге, бұрынғы жүйеден немесе саяси тұлғалардан кінә іздей беруге болмайды. Өз халқыңның тарихын білу керек, бірақ одан тек еңсеңді түсіріп, өзгеге өкпе артуға себеп іздемеу қажет. Қандай қасіретті болса да, өткен оқиғалардан, ең алдымен, тағылым ала білген жөн. Біз келешекке сеніммен көз тігіп, еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуын ойлауымыз қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып келемін»,- деді Президент Қасым-ЖомартТоқаев халыққа жолдауында.

    Мемлекет басшысы заң барлығына ортақ екенін еске салды.

    «Тағы да қайталап айтамын: біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы стратегиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы сыртқы жағдай қалыптастыруымыз қажет. Бұл – қазіргі аса күрделі геосаяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті талап ететін дипломатияның міндеті», -деді Мемлекет басшысы.

  • ПРЕЗИДЕНТ: орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр

    ПРЕЗИДЕНТ: орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр

    Президент елімізде орман-тоғайлар өте аз екенін жеткізді. Сондықтан, көгалдандыру жұмысына ерекше мән беруді тапсырды.

    «Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі.

    «Елімізді көгалдандыру жұмысының қарқыны жаман емес. Тоқтап қалмай, оны жалғастыру қажет. «Семей орманы» аясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал. Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн», — деп толықтырды Президент.

  • ПРЕЗИДЕНТ: денсаулық саласына 3,3 триллион теңге  бөлінді. Нәтиже жоқ

    ПРЕЗИДЕНТ: денсаулық саласына 3,3 триллион теңге бөлінді. Нәтиже жоқ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық саласына қыруар қаржы бөлініп жатқанын жеткізді. Бірақ, нәтиже жоқ деп сынға алды.

    «Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет екенін жеткізді.

    «Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Цифрландыру болмаса, мұндай ауқымды өзгерістерді сәтті жүзеге асыру мүмкін емес.
    Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін жасау керек. Жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі қажет. Үкімет осы маңызды мәселені шешуге дереу кірісіп, бұл бағыттағы жұмыстың барысы жөнінде маған және депутаттық корпусқа есеп беріп отыруға тиіс», -деп толықтырды Мемлекет басшысы.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: субсидия алуда көзбояушылықпен айналысатындарды   жауапкершілікке тарту керек

    Қасым-Жомарт Тоқаев: субсидия алуда көзбояушылықпен айналысатындарды жауапкершілікке тарту керек

    Қасым-Жомарт Тоқаев субсидия алуда көзбояушылықпен айналысатындарды   жауапкершілікке тарту керектігін қатаң ескертті.

    «Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр»,- деді Мемлекет Басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев көзбояушылықпен айналысатындардың нақты дәлелдерін де келтірді.

    «Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтады. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек», -деп талап қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.  

    Мемлекет басышысы, жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепіл болатынын жеткізді.

    «Жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия әкімдіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурс өткізбей-ақ беру туралы екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдағанын анықтады. Бұл мәселе қатысты екіұшты ұстаным болмауы қажет. Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ал жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.