Метка: Мемлекет меншігі

  • СҚО-да құны 1 млрд теңгеге жуық жер мемлекетке қайтарылды

    СҚО-да құны 1 млрд теңгеге жуық жер мемлекетке қайтарылды

    Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн теңге болатын жалпы ауданы 49 мың гектардан асатын жерді мемлекетке қайтарды.

    Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарында  ұзақ уақыт бойы 42 жер телімі пайдаланылмаған.

    «Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған жерлер мемлекетке қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда» делінген хабарламада.

  • Алматы облысында 84 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды

    Алматы облысында 84 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды

    Алматы облысында 400 мың гектарға жуық жердің пайдаланылмай бос жатқаны анықталған. Соның 84 100 гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

    Мәліметтерге сүйенсек. 32 мың гектар жер сот шешімімен алынған, қалған 52 мың гектар алқапты жер иесі өз еркімен қайтарып берген көрінеді. Пайдаланылмай бос жатқан жерлердің көбі Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ және Балқаш аудандары аумағында.

    Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және жер ресурстарын ұтымды басқару мақсатында жүзеге асып жатыр.

    «Министрліктің қойған жоспарын біз биыл 120%-ке орындадық. Бірақ Алматыға жақын орналасқандықтан, инвестициялық қызығушылық өте жоғары. Соған байланысты облыс әкімі үлкен тапсырма берген. Сол тапсырмаға сәйкес жұмыстарды ары қарай жалғастырып жатырмыз», — дейді облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Артықбай Болғанбаев.

  • Солтүстік Қазақстанда заңсыз алынған жер мемлекетке қайтарылды

    Солтүстік Қазақстанда заңсыз алынған жер мемлекетке қайтарылды

    АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Петропавл қалалық департаменті мен әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің өтініші негізінде мемлекет меншігіндегі жерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

    Тексеру және өлшеу нәтижелері бойынша 0,8 га аумақтағы мемлекеттік меншік жер учаскесін жергілікті ЖШС-нің заңсыз иемденгені және пайдаланғаны анықталды. Заңбұзушылық үшін заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп қосты ведомство.

    Департамент Петропавл қаласы әкіміне заңсыз иемденген жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару туралы шаралар қабылдау жөнінде хат жолдады. СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Петропавл қаласы әкімдігінің талап-арыздары қанағаттандырылды.