Метка: мемлекеттік қызмет

  • Қазақстанда жастарды мемлекеттік қызметке мектептен бастап дайындайтын жүйе енгізіледі

    Қазақстанда жастарды мемлекеттік қызметке мектептен бастап дайындайтын жүйе енгізіледі

    Қазақстанда мемлекеттік қызметке кадрларды даярлау жүйесі жаңартылып, оны мектеп қабырғасынан бастау көзделуде. Бұл туралы Агенттік басшысы Дархан Жазыкбай мәлімдеді. Қазіргі таңда елдегі мемлекеттік қызметте 27 534 жас маман жұмыс істеп жатыр.

    – Сіз білесіздер, 2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы жастарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында жұмыстар жүргізді. Біздің жастар резервіміз бар. 2023 жылдан бастап GPI нәтижелері бойынша ауылдық аймақтарға жетекші қызметтерге жастарды іріктеу бағдарламасы жүргізіледі. Біз Сингапур үлгісін пайдаланып, 10–11 сынып оқушыларын, яғни болашақта мемлекеттік қызметте еңбек еткісі келетіндерді тартуды жоспарлап отырмыз. Оларды білім беру гранттары арқылы қабылдаймыз, — деді Дархан Жазыкбай.

    Іріктеу мемлекеттік қызметке қажетті мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Оқушылар ауылдық жерлерде 2–3 жыл жұмыс істеген соң, Академияда біліктілігін арттырып, аймақтық, қалалық деңгейде жұмыс істей алады, содан кейін жетекші қызметтерге тағайындалуы мүмкін.

    – Осылайша біз жастарды мемлекеттік қызметке тартуды қамтамасыз етеміз, — деп толықтырды АДГС басшысы.

  • «Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды

    «Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды

    Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен «Алматы Бас жоспары» ЖШС бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлына қатысты сот үкімі шықты.

    Антикор мәліметінше, ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылған.

    Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

  • ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРІН ҮЙГЕ ШАҚЫРУҒА БОЛАДЫ

    ХҚКО ҚЫЗМЕТКЕРІН ҮЙГЕ ШАҚЫРУҒА БОЛАДЫ

    Жаңа мемлекеттік қызмет түрі пайда болды. Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйіне шақыра алады.Яғни, азаматтарға  Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Қызметкерді шақырсаңыз ол сіз белгіленген уақытта көрсетілген мекен-жайға келеді. Ол жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі және паспорт алу мен тарнспортты тіркеуден басқа барлық қызмет түрін көрсете алады. Мамандар, бұл қадамға тұрғындардың уақытын үнемдеу үшін барғанын айтады. Сондай-ақ қазір орталықта құжаттарды үйге жеткізіп беру қызметі жолға қойылған.