Метка: Меркі

  • Жер сілкінісі: жедел штаб жұмыс істеп жатыр

    Жер сілкінісі: жедел штаб жұмыс істеп жатыр

    Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

    28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

    Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл. Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 балл болды.

    – Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр, – делінген Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

    Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.

    8(7262)513575 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылған.

     

  • ҰҚК Жамбыл облысында есірткі топтарын ұстады

    ҰҚК Жамбыл облысында есірткі топтарын ұстады

    Биылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының жолын кесті.

    Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстанның 3 азаматы құрықталып, сот санкциясымен қамауға алынды, – деп мәлімдеді ҰҚК.

    Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.