Метка: Мешіт

  • Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған адам ұсталды

    Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған адам ұсталды

    Қала полициясы мешіттерде болған ұрлықтардың сериясын ашты. Күдікті ұсталып, ол мешітке келген жамағаттан ұялы телефондар, әмияндар және басқа да жеке заттарды ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Sona.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу деректері бойынша, қылмыскер намаз кезінде адамдардың алаңсыздығын пайдаланып әрекет еткен. Оның бірнеше эпизоды дәлелденді, басқа ұрлықтарға қатысы тексерілуде.

    Полиция азаматтарды өз заттарына сақ болуға және күдікті адамдар туралы хабарлауға шақырады. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

  • ҚМДБ балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасады

    ҚМДБ балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасады

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазына қатысты мәлімдеме жасады.

    Мүфтият қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетті айыптап, ескерту жасады.

    Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады, – делінген ақпаратта.

    Діни басқарма мешіт әдебін сақтауға шақырды.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз, – делінген мәлімдемеде.

  • Еңбекші ауылындағы мешіттің неден өртенгенін сараптама анықтайды

    Еңбекші ауылындағы мешіттің неден өртенгенін сараптама анықтайды

    Бұл туралы аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Кеше, 9 ақпан күні Алматы облысы Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы мешіттен өрт шыққан болатын. Аймақтық ТЖД өрттің себебін анықтау үшін зертханаға сынама жіберген.

    Дереккөзге сүйенсек, аумағы 50 шаршы метр болатын өртті 14 адам сөндірген. Қайтыс болғандар мен өрттен жараланғандар жоқ.

  • ҚМДБ әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты мәлімдеме жасады

    ҚМДБ әйелдердің мешітте намаз оқуына қатысты мәлімдеме жасады

    Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуыны тыйым салынбайтынын, бірақ үйінде оқығаны абзал екенін айтты.

    «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйел­деріңе ме­шіт­ке ба­руға тыйым салмаңдар. Бі­рақ үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы» деген. Ханафи мәзһабының ғалымдары фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болғандықтан, жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған. Себебі Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үйле­рі олар үшін ме­шіт­ке ба­ру­дан да қайырлы» деген. Ал жасы үлкен, қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Бұл – имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Ақшам намазында кешкі асын ішумен әлек, таң намазы мен құптанда ұйқыда болады дейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намазда мешітке бара алады», – деп жазылған хабарламада.

    ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мәліметінше, мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жол да көпшілікке көрінбейтіндей болса, оқасы жоқ.

    «Басты мақсат – әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктердің тууына жол бермеу», – деді ҚМДБ өкілдері.

  • Соңғы бес жыл ішінде 359 жаңа мешіт ашылған

    Соңғы бес жыл ішінде 359 жаңа мешіт ашылған

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ақпаратына сүйенсек, елімізде 2020-2024 жылдар аралығында барлығы 359 жаңа мешіт бой көтерген.

    Қазір еліміздің ауыл-аймақтарында 2 888 мешіт жұмыс істейді. Олардың бәрі «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы саналады. 2 888 мешіттің 359-ы соңғы бес жыл ішінде салынған.

    «2 888 мешіттің 1-уі – республикалық, 3-і – мегаполистік, 17-сі – облыстық, 434-і – қалалық, 162-сі – аудандық, 2275-сі – ауылдық мешіт. Еліміз бойынша соңғы бес жылда жаңадан ашылған мешіттердің саны: 2020 жылы – 44 мешіт, 2021 жылы – 68 мешіт, 2022 жылы – 77 мешіт, 2023 жылы – 88 мешіт, 2024 жылы 82 жаңа мешіт іске қосылды», – деп мәлімдеді ҚМДБ.