Метка: Мобильді аударым

  • Қазақстанда мобильді аударымдарды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа тәртіппен тексереді

    Қазақстанда мобильді аударымдарды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа тәртіппен тексереді

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Қаржы министрлігінің мәліметінше, енді салық органдары жеке шоттарға әртүрлі адамдардан түскен ірі аударымдарды қадағалайтын болады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Жаңа ережелерге сәйкес, егер үш ай ішінде бір жеке тұлға шотына 100 немесе одан көп әртүрлі адамдардан аударым келіп түсті және олардың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (2025 жылы шамамен 1 020 000 теңге) асты болса, салық органдары түсініктеме сұрап, тіркелмеген кәсіпкерлік қызмет жүргізілмегенін тексере алады.

    Қаржы министрлігінің жеке тұлғалардан түсімдерді әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Гүлден Хасенова атап өткендей, қарапайым тұрмыстық аударымдар жаңа критерийге жатпайды. Туыстар мен достар арасындағы аударымдар, бір реттік төлемдер есепке алынбайды. Сондай-ақ бұл ереже QR-кодтар мен касса аппараты арқылы жасалатын кәсіпкерлік төлемдерге қолданылмайды.

    Мысалы: егер адам тауар немесе қызмет сатса және үш ай ішінде 100-ден астам клиенттен аударым алса, ал аударым сомасы 12 МЗП-ден асса, салық органдары тексеру жүргізуі мүмкін. Егер тек бір шарт орындалса — мысалы, сома асып кеткен, бірақ аударымдар саны 100-ден кем болса — тексеру жүргізілмейді.

    Жаңа ереженің мақсаты — іс жүзінде кәсіпкерлікпен айналысып, бірақ табысын жасырған және салық төлемеген азаматтарды анықтау, деп түсіндірді ҚМД.

  • Телефоннан ақша аударған азаматтардың бәрі салық төлей ме?

    Телефоннан ақша аударған азаматтардың бәрі салық төлей ме?

    Жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына салық салынбайды. Азаматтардың есепшотына 3 ай қатарынан 100 түрлі тұлғадан аударым түссе ғана Салық комитеті бақылауға алады. Бұл ретте түскен қаржының мөлшері маңызды емес. 

    Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістері әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы айтып берді.

    «Мобильді аударымдар – кәсіпкерлердің емес, жеке тұлғаларға арналған құрал. Оларға салық салынбайды. Бірақ кәсіпкерлер салық төлеуден жалтару үшін мобильді көп пайдаланып кетті. Сондықтан салықтан жалтарғандарды анықтап, олардың кірісіне салық төлеуді міндеттеу және кәсіппен айналысса да, тіркелмей жүргендерді дара кәсіпкер ретінде тіркету мақсатында мобильді аударымдарды бақылаймыз», – деді ол.

    Салық комитетінің өкілі 3 ай қатарынан 100 аударым емес, 100 түрлі адамнан аударым түссе ғана тексеру жүретінін атап өтті.

    «Мәселен, жеке адамның каспиіне қаңтар айында 100 түрлі адам, ақпанда да 100 адам, наурыз да да 100 тұлғадан ақша аударылса ғана назарға ілінеді», – деді Ерсайын Көптілеуұлы.

    Алайда Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары 255 мың теңге шек әлі заңмен бекітілмегенін мәлімдеді. Бұл – Қаржы министрлігінің ұсынысы. Комитет өкілі 255 мың теңгенің қайдан шыққанын түсіндіріп өтті.

    «Бізде Кәсіпкерлік кодексінде 12 ең төменгі жалақы деген түсінік бар. 12 ең төменгі жалақыдан төмен табыс тапсаңыз, сіз дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылысыз. Ал енді 255 мыңға келсек, бұл – үш айдағы ең төменгі жалақы. Бір жылда 12 ай бар деп есептесек, 3 ай бойынша ең төменгі жалақы көлемі 255 мың болады. 2024 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. 3-ті 85 мыңға көбейтсеңіз 225 мың болады», – деді.

    Салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлер қолма-қол ақшаға көшіп жатыр. Салықтан жалтарған кәсіпкерлерге алдымен ескерту беріледі, ал екінші рет қайталанса, 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

  • Қазақстанда мобилді аударымдарға шектеу енгізіледі

    Қазақстанда мобилді аударымдарға шектеу енгізіледі

    Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында мобильді аударымдарды пайдалану айналасындағы пікірталас қайта ушықты. Өйткені Қазақстанда азаматтардың бірқатар санаты жаңа жылда басталатын «жалпыға бірдей декларациялаудың» 4-ші кезеңінен босатылды.

    Тиісті тұжырымдаманы қайта қарау аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ересек қазақстандықтардың көпшілігін активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыстаудан босату жоспарлануда. Бұл – шамамен 8 миллион азаматты қамтиды. Қазіргі уақытта салық заңнамасын пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

    Осы орайда жасы 18-ден асқан 13 миллиондай ел тұрғынының 8 миллионы, яғни, басым бөлігі кірістері мен шығыстарын міндетті декларациялаудан құтылғанын көріп, кейбір кәсіпкер клиенттерден төлемді қайтадан ұялы телефон арқылы белсенді қабылдай бастады.

    Мәселен, курс сатушы инфосығандар да өз ақысын қолма-қол ақшамен беруді, немесе мобильді аударыммен жолдауды сұрайтынды шығарды. Демек, көлеңкелі экономика қайтадан арта бастайды деген сөз.

    Сондықтан салық саласына жауапты Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) талдау критерийлерін өзгертуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. Бұл ретте енді мобильді аударымдардың жалпы санын ғана емес, сондай-ақ олардың жалпы көлемін де есепке алатын болады.