Метка: Моңғолия

  • Қазақстан Моңғолиядан кашемир ешкілерін әкелуді жоспарлап отыр

    Қазақстан Моңғолиядан кашемир ешкілерін әкелуді жоспарлап отыр

    Моңғолия Қазақстан үшін кашемир ешкілерінің негізгі жеткізушісіне айналуы мүмкін. Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары ветеринарлық талаптар мен эпизоотиялық жағдайды мұқият зерттеуде. Ветеринарлық бақылау комитетінің өкілдері арнайы инспекциямен Моңғолияға барып қайтты.

    Егер келісімдер сәтті жүзеге асса, бұл отандық экономикаға жаңа мүмкіндіктер береді:
    Жеңіл өнеркәсіп үшін: кашемир өндіруге қажетті жеке шикізат базасы қалыптасады.
    Фермерлер үшін: мал шаруашылығында табысы жоғары жаңа тауашалы (нишевый) бизнес түрі ашылады.

    Моңғолияның кашемир ешкілері өзінің сапалы жүнімен әлемге танымал. Келіссөздер оң нәтиже берсе, қазақстандық шаруалар бағалы жүн беретін ешкі тұқымын өсіруді қолға алып, жеңіл өнеркәсіпті сапалы шикізатпен қамтамасыз ете алады.

  • Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынатын болды

    Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынатын болды

    Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, автожолдың жаңа бағыты Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей) елді мекені арқылы өтіп, Моңғолия шекарасына шығады.

    Жаңа маршруттың Қазақстандағы учаскесі Өскемен қаласынан Ресей шекарасына дейінгі аралықта салынып қойды. Оның жалпы ұзындығы – 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Автожолдың көп бөлігі Ресей аумағы арқылы өтеді, егер көрші ел жол салуға келісім берсе, жаңа маршрут 837 шақырымды құрамақ.

    Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тас жолының ұзындығы 1 604 шақырымға дейін барады.

    «Жаңа автожол жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда маңызды қадам болады», – деп атап өтті Көлік министрлігі.