Метка: Мүфтият
-

Мүфтият жаназа мен құдайы астың рәсімдік мәзірін ресми түрде бекітті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жаназа мен құдайы ас дастарханының мазмұнына қатысты жаңа талаптарды жариялады. Бұл шешім қоғамда соңғы жылдары кеңінен талқыланып жүрген ысырапшылдық пен бәсекелеске айналған ас беру дәстүрін реттеуге бағытталған, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.ҚМДБ мәлімдеуінше, жаназа қаралы үйдің жағдайымен санасуды, қарапайымдықты және діни мәнділікті талап ететін рәсім. Сондықтан дастарханға сәнді, қымбат, көп тағам ұсыну діни тұрғыдан да, қоғамдық тұрғыдан да құпталмайды.? Жаңа бекітілген негізгі мәзір:•Бауырсақ пен шелпек – нан өнімдері;•Шай мен су – сусындар;•Қой еті немесе палау – негізгі ыстық тағам.? Ұсынылатын қосымша өнімдер:•Сары май•Тары-талқан•Қант•КәмпитМүфтият артық салат, торт, бәліш, десерттер, түрлі жеміс-жидек қоюға рұқсат етілмейтінін қатаң атап өтті.ҚМДБ өкілдері бұл талаптың негізгі мақсаты қаралы отбасының жағдайын қиындатпау, материалдық ауыртпалық түсірмеу.«Жаназа мен құдайы аста ас мәзірін көбейту – жарыс емес, діни рәсім. Қарапайымдық басты қағида», — дейді басқарма мамандары.Қазіргі таңда жаңа тәртіп Арқалықта, Павлодар облысында, Абай облысында және Жезқазған қаласында енгізілген. Алдағы уақытта бұл талаптың ел бойынша кезең-кезеңімен кеңейтілуі жоспарланған. -

Мейрамханалар ауызашар бағасын шарықтатып отыр – Мүфтият
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздегі мейрамхана, кафе иелерін қасиетті Рамазан айында халыққа қолжетімді бағамен ауызашар ұйымдастыруға шақырды.
Дінбасылардың айтуынша, соңғы жылдары ауызашар мәзірінің бағасы шарықтап, қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып барады.
«Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.
Діни басқарма қасиетті айда дастарқан жайып, ауыз бекіткен жандарға ас беру – үлкен сауап екенін атап өтті. Алайда соңғы жылдары елімізде бірқатар мейрамханалар ауызашар мәзірінің бағасын тым жоғары қойып, халықтың наразылығын тудырып отыр.
«Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: «… ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген («Ағраф» сүресі, 31-аят)», – деп еске салды ҚМДБ өкілдері.
Дін мамандары ауызашар дастарқаны қарапайым болуы тиіс екенін айтып, кәсіпкерлерді көпшіліктің қалтасына сай қолжетімді мәзірлер ұсынуға шақырды. Сондай-ақ мұсылман жамағатын жетім-жесірлер мен мұқтаж жандарға ауызашар ұйымдастырып, қайырымдылық жасауға үндеді.
ҚМДБ қасиетті Рамазан айының берекесі саудамен емес, шынайы сауаппен келетінін еске салып, халықты рухани тазаруға шақырды.
-

Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына дейін арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма деген сұраққа қатысты пәтуа жариялады. ҚМДБ өкілдеріне сенсек, шын тәубе етсе, Рамазан айынан бұрын арақ ішкен адамның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай қабыл болады.
«Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады», – деп жазған мүфтият бұған қатысты Құран аяттарын мысалға келтірген.
«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім арақ ішетін болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды» деген. Тағы бір хадисте: «Кім арақ ішсе, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Одан кейін тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күн намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді. Бұдан кейін тағы арақ ішсе, Алла оның тағы да қырық күндік намазын қабылдамайды. Бұл ісіне тәубе етсе, тәубесі қабыл етіледі. Ал төртінші рет тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күндік намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді де оны «хабәл» (тозақтықтардың іріңінен жиналған) өзенінен сусындандырады» делінген», – деп жазған мүфтият.
Ал, Рамазан айының қарсаңында ішімдік ішудің үкімі туралы жазған мүфтият «ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды» деген пәтуа шығарып отыр.
-

Рамазан-2025: Пітір садақаның биылғы мөлшері белгілі болды
2025 жылы Қазақстанда пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасына теңге, яғни, 655 теңге болып бекіді.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі», – деп жазады баспасөз қызметі.
Ал, бүгін Бас мүфтидің төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақа мөлшері бекіген.
«Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекіді», – деп хабарлады мүфтият.
-

Діни басқарма ДНҚ анализге қатысты пәтуа шығарды
Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы балаға ДНҚ анализ жасауға қатысты пәтуа шығарып, ислам діні бойынша қандай жағдайда сараптама нәтижесіне жүгіну керектігін атады.
ҚМДБ мәліметіне сүйенсек, шариғат бойынша баланың тегін анықтаудың төрт жолы бар.
– Олар: баланың ақ некемен дүниеге келуі, әкесі балам деп мойындауы, куәлік келтіруі және қияфа арқылы (ұқсату яғни баласын әкесіне ұқсатуы) бекиді. Ал бүгінде баланың тегі ДНҚ арқылы анықталып жүр. Баланың ақ некемен дүниеге келуі жайлы мына оқығаны мысалға келтіруге болады: Сағд ибн Әби Уаққас пен Абд ибн Замға екеуі бір балаға таласып қалғанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «бала – төсек иесінікі»… – деп, баланы Абд ибн Замғаға шешіп берген, – деп жазады мүфтият.
Осы ретте мүфтият ДНҚ әдісімен текті анықтау шариғатта текті анықтаудың төрт жолынан бұрын тұра ма, әлде кейін тұра ма деген мәселеде екі ұстаным бар екенін алға тартып отыр.
Мүфтият жазғандай, біріншісі, көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша, ДНҚ арқылы текті анықтау қияфадан (ұқсату) жоғары тұрады. Екіншісі, кейбір ғалымдар ДНҚ арқылы текті анықтау нақты дәлелге жатады әрі басқа дәлелдерге қарағанда жоғары тұрады.
Ал, Мүфтият келтірген дерекке сүйенсек, Ислам Фиқһ академиясының ДНҚ-ға қатысты №194 қарарында «мына төрт мәселеде ДНҚ арқылы текті анықтауға жүгінуге болады» деп жазады.
4 жағдайды атаған:
тегі белгісіз балаға екі тарап таласып қалғанда;
ауруханада, жетімдер үйінде балалар ауысып кеткенде;
табиғи апаттар мен соғыс жағдайында қайтыс болған адамның, жоғалып кеткен баланың кімге тиесілі екенін анықтауда;
анық болған текті ДНҚ-ның нәтижесіне сүйеніп, мойындамау дұрыс емес.
Осылайша мүфтият ДНҚ сараптама жүргізу мәселесіне қатысты осындай пәтуа шығарған.