Метка: Мүгедек балалар

  • Павлодарда мүгедек балаларды оңалту орталығы заңсыз төлемақы алып келген

    Павлодарда мүгедек балаларды оңалту орталығы заңсыз төлемақы алып келген

    Павлодар қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын оңалту орталықтарының бірінің басшылығының мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны заңсыз алу фактілерін анықтады.

    Орталық басшысы жалған шарттар жасасқаны анықталды, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушылар ұзақ уақыт бойы орталыққа бюджет қаражаты есебінен көзделген қызметтер үшін ақы төледі.

    Бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 7,6 млн теңге көлемінде зиян келтірілген.

    Алаяқтық фактісі бойынша Павлодар қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

  • Перизат Қайраттың ісіне қатысты тағы бір дерек анықталды

    Перизат Қайраттың ісіне қатысты тағы бір дерек анықталды

    Мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша Перизат Қайратқа қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Күдікті 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысындағы «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатымен қайырымдылық аукционын ұйымдастырған.

    Халықтың сенімін ұялату үшін шараға оңалту орталығына мұқтаж мүмкіндігі шектеулі балаларды және олардың ата-аналарын шақырған. Нәтижесінде, ол 48 миллион теңге жиналғанын және оңалту орталығы үшін 100 миллион теңге тұратын нысанның сыйға берілгенін жария еткен. Алайда, шын мәнінде аукцион барысында 22 миллион теңге ғана жиналып, қаражат күдіктінің жеке мақсаттарына жұмсалған.

    ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан: «Сондай-ақ П.Қайрат орталық қажеттілігі үшін 30 млн теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген. Алайда тергеу барысында бұл жер телімі «Батыр» қоғамдық бірлестігі тарапынан 2019 жылы сатып алынғаны анықталды. Нәтижесінде оңалту орталығының құрылысы басталмаған. Ал сыйға берілді деп көрсетілген нысан шын мәнінде жоқ боп шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деді.