Метка: Мұз айдыны

  • Қонаевта мұз айдыны ашылды

    Қонаевта мұз айдыны ашылды

    Нысанның ашылуына орай, балалар арасында эстафета ұйымдастырылды.

    «Мұз айдынының ашылуына қош келдіңіздер. Бұл нысан бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ тұрғындардың ойын-сауық құру орталығын жасау бағытында ашылды. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!» – деді қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков.

    Эстафета нәтижесінде ІІІ орынды №3 орта мектебі, ІІ орынды Ш.Уәлиханов атындағы №2 мектеп гимназиясы, І орынды №2 орта мектебі иеленді.

    Айта кетейік, мұз айдынына өз конькиі барларға кіру – тегін, конькиді жалға алуға болады. Мұнда бір уақытта 50-60 адам коньки тебе алады.

    Алдағы уақытта №5 жағажайдан да мұз айдынын ашу жоспарлануда.

    Сонымен қатар ірі инвестжобаның шеңберінде ASP аренада мұз айдыны ашылады. Онда 16-18 қаңтар аралығында қысқы дрифт шоу өтеді. Нысанның аумағы Медеу мұз айдынынан да үлкен, 20600 шаршы метрді құрайды. Билеттерді @wads.kz парақшасынан сатып алуға болады.

  • Астанада әлемдік жұлдыздардың қатысуымен мұз шоуы өтеді

    Астанада әлемдік жұлдыздардың қатысуымен мұз шоуы өтеді

    30 қараша күні елордада алғаш рет әлемдегі ең талантты мәнерлеп сырғанаушыларды бір алаңда тоғыстыратын ауқымды халықаралық мұз шоуы өтеді.

    Оған екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, Ресей чемпионы, бір дегенде төрт рет секірген алғашқы әйел Александра Трусова, Ресей чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дмитрий Алиев, Еуропа чемпионы, Гран-при финалының жеңімпазы Алена Косторная, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы және Гран-при финалының жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін чемпионы Хавьер Фернандес, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Гергий Куница, жасөспірімдер арасындағы Ресей чемпионы Александр Плющенко және басқалар қатысады, – деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

    Іс-шара бағдарламасында «Щелкунчик», «Золушка және әдемі ханзада», «Қызыл телпек», «Аққу көлі» және «Кішкентай су перісі» классикалық балеттерінің үзінділері сияқты сүйікті ертегілерге негізделген қызықты нөмірлер бар, деп қосты ведомство.