Метка: «Не молчи»

  • «НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

    «НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

    Черногорияда «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды.

    Ол ұсталарының алдында қысқа видеоүндеу жазып үлгерген. Ертең оны экстрадициялау мәселесі бойынша сот отырысы өтеді.

    «Мені қазір ғана ұстап, Подгорица полициясына алып келді. Ертең экстрадиция бойынша сот болады. Не болатынын білмеймін, бірақ таңға дейін ұстау туралы айтты. Неге бұлай жасағанын түсінбедім, бірден сотқа апаруға болар еді. Қазір достарымнан қолдау сұраймын. Бар үмітім – экстрадиция болмайды дегенге», – дейді ол видеоүндеуде.

    Естеріңізге сала кетейік, «НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәріге қатысты бірден алты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған.

  • Зорлық көрген 15 жастағы қызды тұрмысқа берген: полиция қылмыстық іс қозғады

    Зорлық көрген 15 жастағы қызды тұрмысқа берген: полиция қылмыстық іс қозғады

    1. Қарағанды облысының полиция департаменті 15 жастағы қызға қатысты жасалған қылмыс бойынша іс қозғалды.

    Кәмелетке толмай тұрмысқа күштеп берілген және зорлық-зомбылық көрген қыз баланың басындағы тауқыметті Немолчи қоры жария етті. Қордың таратқан ақпаратына сүйенсек, өгей әке 15 жасар қызын 38 жастағы танысына тұрмысқа берген. Ал ол қызға бес күн бойы зорлық көрсеткен.

    «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Смаилованың айтуынша, бұл жаға ұстатарлық жағдай Қарағанды облысының Абай қаласында болған.

     Қыздың ағасы бізге хабарласты. Бес күн көрген қорлықтан кейін қыз қашып шығып, туған әкесіне келген. Әкесінің жүрегі ауырады. ОЛар бірден арыз жазды. Әдеттегідей өтінішті қабылдамай, сараптамаға жібермей уақытты созған. Іске біз араласқаннан кейін ювеналды полиция қызды Қарағандыға медициналық тексеруге жіберді. Бірақ бірге барған тергеуші құжатты дұрыс ресімдемей, тексеруден өте алмай қайтты. – деп жазды “Не молчи” басшысы.

    Смаилованың айтуынша, біреулер әкесінің үйін торуылдап, қорқытуға тырысқан көрінеді.

    Полиция бұл қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрі анықталып, жауап алынғанын айтты.

    Осы қылмысқа қатысы бар барлық адам анықталып, олардан жауап алынды. Тергеу аясында болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Кылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына, сондай-ақ тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деді Қарағанды облысы ПД-ның баспасөз қызметі

  • Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыздың денесі табылды

    Алматы облысында 14 жастағы оқушы қыздың денесі табылды

    Алматы облысы Талғар ауданының кентінде 14 жасар қыз көз жұмды. «Не молчи» қорының хабарлауынша, қайғылы оқиға Өтеген ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін.

    Алматы облысының полиция департаменті баланың өлімі жайлы ақпаратты растады. – Аталған факті бойынша Талғар ауданының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлайды полиция.

    Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.