Метка: Неке

  • Қазақстандық 34 жыл бойы некеде екенін күтпеген жерден білді

    Қазақстандық 34 жыл бойы некеде екенін күтпеген жерден білді

    Жамбыл облысының тұрғыны 34 жыл бұрын төрт ай ғана кездескен әйелмен некеде екенін күтпеген жерден білді. Ол некені заңсыз деп тануды талап етіп, сотқа шағымданды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Іс материалдары бойынша, 1991 жылы олар бөлініп, АХАЖ-ға жүгінбеген, құжатқа қол қоймаған. Әрқайсысы өз өмірін құрған: әйел 1994 жылы ресми некеге тұрған, ал ер адам 2021 жылы некеге тұрған.

    2025 жылы ер адам банктік қосымшада некенің тіркелгенін кездейсоқ байқаған. Сот барысында анықталды, актілік жазбаларға қолдар ешкімге тиесілі емес, ал сол жылғы тіркеу кітабы жойылған. Көршісі мен досы некеге ешкім қатыспағанын растады, ал АХАЖ өкілі сотқа келмеген.

    Сот некені заңсыз деп таныды, өйткені «қашықтықтан некелеу» заңмен қарастырылмаған және жазбаны ресімдеу заң бұзушылықпен жүргізілген.

  • Биыл Қазақстанның 5 164 азаматы шетелдіктермен неке қидырған

    Биыл Қазақстанның 5 164 азаматы шетелдіктермен неке қидырған

    2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтардың некелері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркеледі.

    Ведомствоның баспасөз қызметі осы жылдың 10 айында 107 256 неке қиылғанын хабарлады. Жаздың бір айында 13 257 қазақстандық жұп үйленген.

    Қазақстанның заңнамасы бойынша кәмелетке толған азаматтар, яғни 18-ге толғандар некеге тұра алады. Бірақ тіркеу органдарының неке жасын екі жылға төмендетуінің екі себебі бар: бұл жүктілік және ортақ бала. Биыл осындай жағдайларға байланысты 532 жұп үйленген.

    Сонымен қатар, 5 164 Қазақстан азаматы шетелдіктермен неке қидырған.

     

     

  • Әділет министрлігі: Діни некенің заңды күші жоқ

    Әділет министрлігі: Діни некенің заңды күші жоқ

    Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында діни рәсім бойынша тіркелген некенің заңдық күшіне байланысты пікір білдірді.

    «Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді және оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгілі.

    «Неке және отбасы туралы» кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылады. Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. Ер мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелу керек», – деді ол.

    Бұған дейін Талғат Уәли Талғар оқиғасы бойынша қандай сараптама жүріп жатқанын айтқан.

    «Аталған шулы оқиғаға байланысты істің мән-жайын айта алмаймыз. Себебі ол Ішкі істер министрлігінің міндетіне жатады. Ал сот-медициналық сараптамаларға келсек, 5 түрлі сараптама тағайындалды. Олар: мәйіттің экспертизасы, сол жердегі шыққан өрттің себептерін анықтау экспертизасы, фото-техникалық экспертиза, молекурлярлы-генетикалық экспертиза, биологиялық экспертиза», – деді ол.