Метка: несие.

  • Қаржылық мониторинг агенттігі: 1,8 млрд теңге табыс тапқан заңсыз несие беруші ісі сотқа жолданды

    Қаржылық мониторинг агенттігі: 1,8 млрд теңге табыс тапқан заңсыз несие беруші ісі сотқа жолданды

    Қаржылық мониторинг агенттігі-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік, күш қолдану арқылы өз бетінше әрекет ету және алаяқтық фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

    Тергеу мәліметінше, 2013 жылдан 2025 жылға дейін күдікті жеке және заңды тұлғаларға тиісті лицензиясыз пайызбен қарыз беріп отырған. Қарыздар мүлік кепілдігімен рәсімделген.

    Келісімдерге заңдылық сипатын беру үшін шарттарда нақты берілген сомадан әлдеқайда жоғары сома көрсетілген. Ол сомаға алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.

    Ай сайынғы сыйақы мөлшері қарыз сомасының 5–10%-ын құраған, бұл жылдық есепте 60–120%-ға тең. Сондай-ақ қарыздарды жасыру және қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында мүлікті жалған сатып алу-сату шарттары жасалған.

    Заңсыз қызметтен түскен қылмыстық табыс 1,8 млрд теңгеден асқан. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті қарыз алушыларға жүйелі түрде психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданған.

    Сонымен қатар ол сотқа жүгініп, бірдей 11 млн теңге сомасын әртүрлі құжаттар негізінде екі рет өндіріп алғаны анықталған. Бұл ретте міндеттемелердің орындалғаны туралы мәліметтер сотқа әдейі ұсынылмаған.

    Сот санкциясымен жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде екі пәтер, екі тұрғын үй, жер телімі және «LAND ROVER RANGE ROVER», «HYUNDAI STARIA» автокөліктері бар. Күдікті қамауға алынды.

  • Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға несие алуға шектеу қойылуы мүмкін

    Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға несие алуға шектеу қойылуы мүмкін

    Қазақстанда мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген азаматтардың несие рәсімдеуіне шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялаған қаулы жобасында айтылған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Құжатта Қорғаныс министрлігі мен кредиттік бюролар арасында ақпарат алмасу тәртібі айқындалған. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы, сондай-ақ олардың қызметтен босатылғаны жөніндегі мәліметтер кредиттік есепте көрсетілетін болады.

    Жобаға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие алуға өтініш берген әскери жасындағы азаматтың мәртебесін міндетті түрде тексеруі тиіс. Егер кредиттік есепте оның мерзімді әскери қызметте жүргені туралы ақпарат болса, қаржы ұйымы несие беруден бас тартуға міндетті.

    Агенттік өкілдерінің мәліметінше, бұл шаралар әскерге шақырылған азаматтарға бұрын алынған қарыздар бойынша төлемді кейінге қалдыруды қамтамасыз етуге және әскери қызмет кезінде қаржылық жүктеменің артуына жол бермеуге бағытталған.

    Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

    Бұған дейін Қарулы күштер Бас штабы мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібіндегі өзгерістер туралы ақпарат берген болатын.

  • Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға несие төлемін кейінге қалдыру ұсынылуда

    Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға несие төлемін кейінге қалдыру ұсынылуда

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік тұрғыда осал азаматтар мен төтенше жағдайлардан зардап шеккендер үшін несие төлемдерін кейінге қалдыру тәртібін енгізуді ұсынып отыр. Қаулы жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

    Құжатта банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарыз алушы табысының төмендегенін дәлелдейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, үш айдан кем емес мерзімге комиссиясыз кейінге қалдыру ұсыну міндеті көзделген.

    Сонымен қатар, берешекті өтеу мүмкін еместігіне себеп болған өмірлік жағдайларға байланысты сұратылатын құжаттардың нақты тізімі енгізілмек. Бұл механизм банктер мен микроқаржы ұйымдарының әрекеттерін ашық әрі бірізді жүргізуге бағытталған.

    Бастама әлеуметтік әлсіз топтар үшін қарыз жүктемесін жеңілдетіп, қаржылық қиындықтарды уақытша еңсеруге мүмкіндік бермек.