Метка: Никаб

  • Қоғамдық орындарда никабқа тыйым: жаңа талаптар күшіне енді

    Қоғамдық орындарда никабқа тыйым: жаңа талаптар күшіне енді

    Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті толығымен жабатын киім киюге қатысты тәртіп күшейтілді. Ережелерге сәйкес, никаб немесе бетті тануға мүмкіндік бермейтін өзге де киіммен жүрген азаматтарға алдымен ескерту жасалады. Егер талапты қайталап бұзса, 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынуы көзделген, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz — ке сілтеме жасап.

    Заңнамадағы өзгерістер тек киімге қатысты шектеулермен шектелмейді. Енді заңға қайшы контентті жариялаған немесе таратқан тұлғалар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын қасақана орындамаған азаматтарға қатысты да шаралар қарастырылған.

    Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында енгізіліп отыр.

  • Никаб кигендер 120 мың теңге айыппұл төлейді

    Никаб кигендер 120 мың теңге айыппұл төлейді

    Қырғызстандағы қоғамдық орындарда никаб кигені үшін 20 мың сомға (119 мың теңгеге) жуық айыппұл салынады. Себебі, бұл мәселе елдің парламентінде талқыланып жатқан «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң жобасында анық жазылды.

    Мемлекеттік органдардың ғимаратында және қоғамдық орындарда азаматтың жеке басын сәйкестендіру мүмкіндігі болуы қажет. Депутаттарға осы мақсатта әкімшілік кодекске 127.1-бап қосу ұсынылды. Оған сәйкес, жоғарыда аталған орындарда азаматтардың никаб киюіне тыйым салынады.

    Жоғары кеңестің депутаты Дастан Бекешев айыппұл сомасы тым жоғары екенін алға тартқан.

    «Бетіңізді жасыру үшін никаб немесе паранжа кигенге 20 мың сом айыппұл салады. Никабты халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдер киеді. Бай әйелдерді никаб киюі сирек кездесетін жағдай», – деді депутат.

    Ол дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиядан заң жобасынан никабты қоғамдық орындарда киюге тыйым салу туралы норма алып тастауды сұраған. Алайда бастамашы топ азаматтардың жеке басын сәйкестендіру мүмкіндігі демократия қағидаттарынан қайшы келмейтінін алға тартты.

  • Швейцарияда да ниқабқа тыйым салынды

    Швейцарияда да ниқабқа тыйым салынды

    Шектеу ресми түрде келесі жылдан бастап күшіне енеді. Заң бұзғандар жарты миллион теңге айыппұл арқалайды.

    Енгізілген заң бойынша, аталған ереженің ұшақтар, дипломатиялық мекемелер, мешіт, шіркеу сияқты орындарға қатысы жоқ. Сондай-ақ діни емес, ойын-сауық және жарнама мақсатында бетті тұмшалауға болады. Жергілікті мұсылман қауымдастықтары бұл заңға өз наразылықтарын білдіріп жатыр.

    Олардың айтуынша, бұл мұсылман қыз-келіншектердің құқығын таптау деп санайды. Ал ережені жақтаушылар мұндай шаралар мигранттардың Швейцария қоғамына тез кірігуіне жол ашады дейді. Ниқабқа тыйым Тунис, Нидерланд және басқа елдерде бұрыннан бар.