Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық референдумда дауыс берді. Ол елордада орналасқан №228 сайлау учаскесіне келіп, өз бюллетенін жәшікке салды. Назарбаевтың дауыс беру сәті түсірілген видео әлеуметтік желілер мен ақпараттық агенттіктерде тарады. Тұңғыш президент сайлау учаскесіне күзетпен келіп, азаматтық борышын өтегеннен кейін қысқа қайырып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берместен кетіп қалды.
Метка: Нұрсұлтан Назарбаев
-

Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасына қарсы сотқа шағым түсірілді
Алматы қаласы Түрксіб ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы экс-президенттің қарындасы Әнипа Назарбаеваға қатысты сотқа талап арыз түсірді.
Бұл ақпарат Алматы экономикалық сотының анықтамасында көрсетілген. Мемлекеттік орган «CDM Group» компаниясының сатып алу-сату шартын заңсыз деп тануды сұрауда.
Жауапкерлер қатарында Әнипа Назарбаевамен бірге «CDM Group» компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қазақстандық азамат Жанат Мамриева аталған.
Сотқа жүгінген компания бастапқыда «ТДА Транзит Алматы» деген атаумен тіркелген. Оны 2015 жылдың наурызында Әнипа Назарбаева мен Әли Қылышпаев құрған. 2017 жылдың наурызында компания Жанат Мамриеваға қайта тіркеліп, атауын «CDM Group» деп өзгерткен. Алайда, не себепті Сотта «CDM Group» компаниясын сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талаптың себебі құжаттарда көрсетілмеген.
Алғашқы сот отырысы 2025 жылдың 6 қаңтарына көрсетілгенмен сот процесі бойынша жаңа мәліметтер жоқ.
-

Назарбаевтың денсаулығы мемлекеттік құпия болады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысының денсаулығы мен жеке өмірі туралы ақпараттарды құпия етіп ұстау туралы заңға түзетулер енгізді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Оның ішінде мемлекеттік құпиялар туралы заңдарға біршама өзгерістер енгізеді. Дәлірек айтқанда, Қазақстан басшысы мен оның жеке өмірінің құпиялылығы да кіреді. Демек, бұл өзгеріс экс-президент Назарбаевтың да жеке өмірі мен денсаулығына қатысты.
-

Сара Назарбаева өмірден өтті ме?
84 жасына қараған шағында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы дүниеден озды деген ақпарат жалған болып шықты.
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қаза тапқанын жоққа шығарды.
«Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді», – деп жазды ол өзінің X парақшасында.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Сара Назарбаева жеке өмір сүреді және көпшілік алдына сирек шығады. Ол бірнеше рет адамгершілік, қоғамдық құндылықтар және әлеуметтік жауапкершілік туралы пікір білдірген.
-

Назарбаевтың сенімді серігі Нұртай Әбіқаев отставкаға кетті
Алматыда Қазақстан волейбол федерациясының есепті-сайлау конференциясы өтті. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі Нұртай Әбіқаев өзінің лауазымын жоғалтып, 2024-2028 жылдарға қаржы министрі Мәди Такиевке орнын берді.
Жаңа басшы федерация делегаттарына көрсетілген сенімі үшін алғысын білдіріп, Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болуды және қадағалау кеңесін басқаруды ұсынды. Ол сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын атап өтіп, жекеменшік демеушілер пулын қалыптастыруға және Қазақстанның ең шалғай аудандарында бұқаралық спортты дамытуға назар аударды.
Нұртай Әбіқаев әр жылдары президент аппараты мен әкімшілігінде, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымын екі мәрте атқарған. «Ескі Қазақстанның» жетекшілерінің бірі болды.
Жаңа КВФ президенті Мәди Такиев бұған дейін қаржы министрі қызметін атқарды. Мәжіліс депутаты болды, сондай-ақ президент әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарды.
Еске сала кетсек, 2012 жылы «Арқанкергендегі» сарбаздардың өлімі Нұртай Әбіқаев ҰҚК басшысы болып отырғанда болған.
-

Нұрсұлтан Назарбаев та референдумда дауыс берді
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді.
84 жастағы Назарбаев елордадағы «Астана опера» театрында ашылған референдум учаскесінде бой көрсетті.
Бұрынғы президент бюллетенді жәшікке салып болған соң, журналистермен амандасып, қазақстандықтарға бақыт тіледі.
«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар», – деген ол журналистердің сұрақтарына жауап бермеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
