Метка: Өлексе

  • Ақбөкен өлексесі 14 мыңға жетті

    Ақбөкен өлексесі 14 мыңға жетті

    Кеңгір су қоймасында жиналған ақбөкендердің 14 мың өлексесі жойылды.

    Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасының Водосброс және Спутник саяжайы маңында ақбөкен өлекселерін жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Залалсыздандыру жұмыстарына 145 адам және 67 техника қатысқан.

    «Кеңгір су қоймасын өлекселерден тазарту жұмыстарын төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері арнайы техникалармен жүргізіп жатыр. Жергілікті тұрғындар да елді мекендерді өлекседен тазартуға үлес қосып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Іс прокуратура органдарының ерекше бақылауында», – деп хабарлады облыстық прокуратура.

    Кеңгір су қоймасы – өңірдегі энергетика мен суландырудың негізгі су реттегіші. Су қоймасы 1952 жылы салынған, оның көлемі 319 млн текше метр болады.

  • Қаражал қаласында 50-ге жуық киік суға батып кеткен

    Қаражал қаласында 50-ге жуық киік суға батып кеткен

    Ұлытау облысының Қаражал қаласының маңынан суға батып кеткен 50-ге жуық киіктің өлексесі табылды.

    Қазір өлекселерді жою бойынша санитарлық жұмысты ТЖМ қызметкерлері жүргізіп жатыр.

    «Осы жылдың 1 сәуірінде Қаражал қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің күштерімен қала аумағында су және мұз үстіндегі 50-ге жуық киік өлекселерін шығардық», — дейді Қаражал қаласы 3-ӨСБ бастығының орынбасары Ерсұлтан Аманжанов.