Метка: олимпиада

  • Білім бәйгесіндегі жетістік үшін төлем: Қазақстанда мектеп оқушылары мен ұстаздарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекіді

    Білім бәйгесіндегі жетістік үшін төлем: Қазақстанда мектеп оқушылары мен ұстаздарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекіді

    2026 жылдың 21 сәуірінен бастап Қазақстанда халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда үздік шыққан мектеп оқушыларын және олардың тәлімгерлерін көтермелеудің жаңа қағидалары қолданысқа енеді, деп хабарлайды Sona.kz CHECK-POINT.KZ-ке сілтеме жасап.

    Енді интеллектуалдық додаларда топ жарған Қазақстан азаматтарына мемлекет тарапынан қомақты қаржылай қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлеріне шамамен 6,5 млн теңге (1500 АЕК), күміс жүлдегерлерге 4,3 млн теңге (1000 АЕК), ал қола медаль алғандарға 2,1 млн теңге (500 АЕК) көлемінде сыйақы қарастырылған. Төлемдер жылына бір рет және тек ағымдағы жылдың нәтижелері бойынша беріледі. Кәмелетке толмаған оқушылар үшін өтінішті олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері тапсыруы тиіс.

    Жаңа ереже бойынша жеңімпаздарды дайындаған педагогтар да назардан тыс қалмады. Олардың еңбегін бағалау үшін арнайы дербес сыйақылар белгіленді. Алтын медаль алған оқушының мұғаліміне 26,5 лауазымдық айлық мөлшерінде, күміс үшін  17,5, ал қола жүлде үшін  8,5 мөлшерінде төлем жасалады. Бұл қаражат ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға және дарынды балалармен жұмыс істеуге деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған. Айта кетерлігі, мұғалімдерге берілетін сыйақылар да жеке сипатқа ие және бір жыл ішінде қайталанған жетістіктер үшін қайта есептелмейді. Бұл бастама еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

  • Тоқаев қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатындарды шығарып салды

    Тоқаев қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға қатысатындарды шығарып салды

    Ел басы спортшыларымызға сәттілік тілеп,  мемлекеттік туды тапсырды.

    “Әр азаматымыздың жетістігі – Қазақстанның жетістігі. Әр спортшының абыройы – барша қазақтың беделі. Жеңіске жету үшін талап пен табандылық керек. Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы. Осы мақсатқа бір табан жақын тұрсыздар. Баптарыңыз және бақтарыңыз қатар шауып, жүлдемен келесіздер деп сенемін. Бәріңізге сәттілік, жеңіс тілеймін! Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!” — деді мемлекет басшысы.

  • Бокстан бапкерлік құрам толығымен жұмыстан шеттетілді

    Бокстан бапкерлік құрам толығымен жұмыстан шеттетілді

    Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

    Федерация мәліметінше, Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізіліп, Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды.

    Қазақстан бокс федерациясының шешімі дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

    Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

  • Қазақстанда алғаш өткен IBO олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

    Қазақстанда алғаш өткен IBO олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

    Бүгін марапаттауға IBO халықаралық комитетінің төрағасы Ленка Либусова келіп қатысты. 

    Олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым келген. Олар 150-ге жуық марапатқа ие болды. 

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Олимпиаданың маңыздылығын атап өтті. 

    «Бұл – дүниежүзіндегі беделді 7 Олимпиаданың бірі. 35 жылдың ішінде алғаш рет Қазақстан жерінде өтіп жатыр. Біздің ел үшін үлкен жаңалық деуге болады. Өткен Олимпиадаларға 60 елден үміткер келсе, бұл жолы елімізге 80-нен астам елден үміткерлер жиналды», – деді министр. 

    Биыл үздіктердің қатарынан отандастарымыз да көрініп, қола медальді иеленді. Олар — Ғалымжан Бақтыбай, Амина Тынарбай, Нұртөре Төреханұлы, Диас Сүлейменов.

    Жарысқа қатыстушылар бір апта бойы биохимия, молекулалық биология, биоинформатика және жануарлар анатомиясы, физиологиядан екі теория және 4 практикалық турда бәсекеге түсті. 

    Келесі IBO халықаралық олимпиадасы Филиппинде өтеді.