Метка: өмірден өтті

  • Белгілі философ Жабайхан Әбділдин өмірден өтті

    Белгілі философ Жабайхан Әбділдин өмірден өтті

    93 жасында көрнекті қазақстандық философ, қоғам қайраткері, диалектикалық логика қазақстандық ғылыми мектебінің негізін қалаушылардың бірі Жабайхан Әбділдин дүниеден өтті. Ғалым ем қабылдау үшін жеткізілген Ыстанбұл қаласында өмірден озды, деп хабардайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап

    Жаназа 5 желтоқсанда Астанадағы Орталық мешітте өтеді.

    Жабайхан Мұбаракұлы Әбділдин – заманауи ойдың көрнекті өкілі, академик, Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті, философия, логика және ғылым методологиясы бойынша бірқатар іргелі еңбектердің авторы. Ол елдегі гуманитарлық ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосып, көптеген жас ғалымдарға ұстаз болды.

    Ғалым ғылым мен қоғам дамуына қосқан еңбегі үшін «Барыс» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

  • Ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев өмірден өтті

    Ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев өмірден өтті

    Ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев 74 жасында өмірден өтті.

    Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшқан: 1994, 1998 және 2001 жылдары. Жалпы ғарышта 341 тәуліктен астам уақыт өткізіп, ашық ғарышқа 8 рет шыққан. Ашык кеңістікте өткізген уақыты — 43 сағат 46 минут.

    2007–2014 жылдары ол Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігін басқарды. Кейін Президент кеңесшісі, Сенат депутаты қызметтерін атқарды. Ғылым мен мемлекетке сіңірген еңбегі үшін Халық қаһарманы атағы беріліп, бірнеше мемлекеттік марапаттарға ие болды.