Метка: оқиға

  • Бестерек оқиғасы бойынша сот басталды: ата-аналар «дені сау» деген анықтама бергендерді де жазалауды талап етті

    Бестерек оқиғасы бойынша сот басталды: ата-аналар «дені сау» деген анықтама бергендерді де жазалауды талап етті

    Абай облысында 19 тамызда Бестерек ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты сот процесі басталды. Toyota маркалы көлік аулада тұрған алты балаға соқтығысып, олардың төртеуі қаза тапқан, екеуі жарақат алған еді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Прокуратура дерегінше, 55 жастағы жүргізуші ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Сотта мемлекеттік айыптаушы жүргізушінің 2013 жылдан бері «генерализацияланған эпилепсия» диагнозымен есепте тұрғанын айтты. Бұл диагноз көлік басқаруға тыйым салынған аурулар тізіміне кіреді. Соған қарамастан, ол рөлге отырып, жолда жүрек талмасына ұқсас ұстама болып, көлікті басқара алмай қалған.

    Қаза тапқан балалардың ата-аналары тек жүргізушіні емес, оған «дені сау» деген медициналық анықтама берген адамдарды да жауапкершілікке тартуды талап етті. «Жүргізуші анықтаманы жалған алған, бірақ кім бергенін айтпай отыр. Сол адамды тауып, жазалау керек», — деді Ернар Буланбаев.

    Марқұм болған үш қыздың анасы балалардың жолда емес, көрші үйдің ауласында, қоршаудың ар жағында тұрғанын атап өтті. Оның сөзінше, туған-туыстарының кешірім сұрауы мен материалдық көмегі орны толмас қасіретті жеңілдете алмайды. Ол жүргізушіге құқық берген барлық тұлғаларды тексеруге шақырды.

    Сот процесі жалғасуда. Оқиғадан кейін президенттің тапсырмасымен санитарлық авиация зардап ше

  • Жетісу полициясы әлеуметтік желіде тараған оқиғаға қатысы бар азаматтарды анықтады

    Жетісу полициясы әлеуметтік желіде тараған оқиғаға қатысы бар азаматтарды анықтады

    Жетісу облысының полицейлері әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін Талдықорған қаласындағы қоғамдық орында болған оқиғаның барлық қатысушысын жедел анықтады, деп хабарлайды Sona.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
    Полицияның мәліметінше, азаматтар қоршаған ортаға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Мекеме иесі мен бірнеше тұлғаға қатысты әкімшілік материалдар жинақталып, арнайы әкімшілік сотқа жолданған.
    Сот шешімдері:
    •Мекеме иесі мен оқиғаға қатысушылардың біріне 7 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды;
    •Тағы бір қатысушыға қатысты материалдар оның тұрғылықты жері бойынша сотқа жіберілді.
    Сонымен қатар мекеме әкімшілігіне мұндай құқықбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу туралы ресми нұсқама тапсырылды. Алдын алу және ұйымдастыру шараларын күшейту қажеттігі ескертіліп, қайталанған жағдайда жауапкершілік бар екені түсіндірілді.
    Жетісу облысының полициясы қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол берілмейтінін атап өтті. Құқық қорғау органдары өңірде заң талаптарының сақталуын бақылауды жалғастырады.
  • Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

    Астанада ер адам лифт шахтасына құлап, екі адам зардап шекті

    Астанада 4 қараша күні Нұра ауданында, Сығанақ көшесі 32-үйде, лифт апаты болып, екі ер адам зардап шекті, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адамдардың бірі лифт ішінде қалып қойған, ал екіншісі оның бөліктерінің арасында қысылып, кейін шахтаға құлаған. Куәгерлер түсірген видеода ер адамның мас күйде болып, лифт есігін тепкеннен кейін құлағаны көрінеді.

    Құтқарушылар келген соң, 1994 жылы туған ер адамды лифттен шығарып, 1987 жылы туған ер адамды шахтадан көтеріп шығарды. Екеуі де медицина қызметкерлеріне тапсырылған.

    Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатқанын хабарлады.

  • Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

    Ақмола облысында науқас аурухананың терезесінен секіріп, көз жұмды

    Ақмола облысының Аршалы аудандық ауруханасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні аурухана палатасында жатқан ер адам үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

    1973 жылы туған Теміртау тұрғыны 3 қарашада «Қарағанды – Қостанай» пойызынан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Диагнозы — транзиторлық ишемиялық шабуыл.

    Полиция мәліметінше, ол бұрыннан психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстарға байланысты психиатриялық есепте тұрған.

    Кешкі уақытта терезенің әйнегін сындырған науқас сыртқа секіріп кеткен. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жеткізгенімен, өмірін сақтап қала алмады.

    Өлім себебі — ауыр жарақаттар мен жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі.

    ? Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

  • Қоғамдық көлік көпірден құлап, жүргізуші жансақтауда жатыр

    Қоғамдық көлік көпірден құлап, жүргізуші жансақтауда жатыр

    Алматы облысында қоғамдық көлік көпірден құлап, ішінде 15 жолаушысы бар шағын автобустың үстіне құлаған. Апат салдарынан 7 адам зардап шегіп, қоғамдық көліктің жүргізушісі аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Қалғандары жеңіл жарақат алған. Полицияның хабарлауынша, қос көлік айып тұрағына жеткізіліп, осы оқиғаға қатысты тергеу басталған. Оқиға 12 қыркүйек күні кешке Қаскелеңге бұрылар тұстағы жол айырығында болды. Куәгерлердің сөзінше, №78 автобустың салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Алдын-ала болжам бойынша ол өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмай қалған.https://www.instagram.com/reel/C_2HSn2sWwL/?igsh=ZTZkM3pxbmVoMXNv

  • Астаналық тұрғын жасөспірімді өрттен аман алып қалды

    Астаналық тұрғын жасөспірімді өрттен аман алып қалды

    Астаналық тұрғын жасөспірімді өрттен аман алып қалды

    Бүгін таңертең Сығанақ көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. ТЖД мәліметінше, жоғарғы қабаттағы пәтерде жиһаздар мен заттар өртенген.

    Куәгерлер ер адамның қорғаныш құралдарынсыз балкон арқылы өртеніп жатқан пәтердің терезесіне кіріп бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

    «МӨС-3 аға инженері азаматтық қорғау капитаны Серік Рахымжанов пен тағы бір азамат 2009 жылы туған қызды құтқарды. Ер адам көрші пәтерден балкон арқылы кіріп, қызды газ-түтіннен қорғау қызметіне тапсырды. Азамат туралы мәліметті анықтаймыз», — делінген хабарламада.

  • Алатауда ер азамат 11 жасар қыздарға мүшесін көрсеткен

    Алатауда ер азамат 11 жасар қыздарға мүшесін көрсеткен

    Алматы облысының Алатау қаласында жаға ұстатар жағдай орын алды. Арна ауылының 52 жасар тұрғыны 2013 жылы туған екі қызға мүшесін көрсеткен. Sona.kz тілшісінің мәліметінше, оқиға тал түсте болған.

    Дереккөздің ақпаратынша, қыздың бірі бұл жайтты телефонға түсіріп алып, ата-анасына көрсеткен. Олар бірден полиция қызметіне хабар берген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Қазір балалар үйлерінде, денелеріне ешқандай зақым келмеген. Олармен психологтар жұмыс істеуде.