Метка: Оқу-жаттығу

  • Қазақстанның бүкіл өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады

    Қазақстанның бүкіл өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады

    Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) маңызды мәлімдеме жасалды. Ведомство Қазақстанның барлық қаласында 2024 жылғы 21 қарашада дабыл белгісі қосылатынын ескертті.

    2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

    Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан. Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.

    Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.

    Практикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады. РКШОЖ шеңберінде азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізу жоспарланған.

    «21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдары мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирі қармалады».
    Бұл іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізілетіні нақтыланады.

     

  • Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Маймыл шешегі: Астана мен Алматы әуежайларында сақтану бойынша оқу-жаттығу өтті

    Оқу-жаттығулар барлық негізгі қызметтердің санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.

    Инфекциялық ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылады.

    «Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды. Персонал жолаушыдан ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклінен өтті»,- делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

    Жаттығу кезінде барлық қызметтер іс-қимылдың жоғары дәрежедегі дайындығы мен үйлесімділігін көрсетті. Бұл олардың ықтимал қауіптерге ден қоюға дайын екендігін растайды.

    Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Онда әр қызметтің іс-қимылы талқыланып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

    Естеріңізге сала кетейік, әлемде маймыл шешегі дерті дендеп тұр. Жағдайдың ушығуына байланысты Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жарияланған хабарлаған болатынбыз

    Маймыл шешегі дендеп тұр: Халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланды