Метка: Орал қаласы

  • Бас архитектор 92 млн теңге пара алғаны үшін 7 жылға сотталып кетті

    Бас архитектор 92 млн теңге пара алғаны үшін 7 жылға сотталып кетті

    Ведомствоны басқарған 33 жастағы Мұратбек Тәшенбаев пара алу және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы  «Мой город» басылымы хабарлады.

    Дәл осы іс бойынша ведомствоның бас маманы 27 жастағы Нұрсұлтан Ғатау сотталды. Осыған ұқсас қылмыстары үшін ол 3 жыл 6 айға сотталды.

    Бұл істе үшінші айыпталушы да бар, пара алғаны үшін кінәлі деп танылған 41 жастағы Асылжан Купбаев болды. Ол да жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

    Тергеу деректері бойынша, Тәшенбаев пен Ғатаудың әрекетінен мемлекетке 92 млн теңгеге жуық залал келді.

    Сотталғандар үкіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Шағымды қарау күні әлі белгіленген жоқ.

  • Оралда студенттерді бопсалады деген күдікпен қыздар ұсталды

    Оралда студенттерді бопсалады деген күдікпен қыздар ұсталды

    Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

    «Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген», – деп жазды ҚР ІІМ.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.