Метка: Ораза кестесі

  • Барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

    Барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

    2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.

    Кестені мына сілтеме арқылы жүктей аласыз.

    Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

    – Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген хабарламада.

  • Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

    Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына дейін арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма деген сұраққа қатысты пәтуа жариялады. ҚМДБ өкілдеріне сенсек, шын тәубе етсе, Рамазан айынан бұрын арақ ішкен адамның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай қабыл болады.

    «Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады», – деп жазған мүфтият бұған қатысты Құран аяттарын мысалға келтірген.

    «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім арақ ішетін болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды» деген. Тағы бір хадисте: «Кім арақ ішсе, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Одан кейін тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күн намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді. Бұдан кейін тағы арақ ішсе, Алла оның тағы да қырық күндік намазын қабылдамайды. Бұл ісіне тәубе етсе, тәубесі қабыл етіледі. Ал төртінші рет тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күндік намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді де оны «хабәл» (тозақтықтардың іріңінен жиналған) өзенінен сусындандырады» делінген», – деп жазған мүфтият.

    Ал, Рамазан айының қарсаңында ішімдік ішудің үкімі туралы жазған мүфтият «ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды» деген пәтуа шығарып отыр.

  • Рамазан айы: Ораза кестесі жарияланды

    Рамазан айы: Ораза кестесі жарияланды

    Биыл Рамазан айы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

    2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.

    Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

  • ҚМДБ ораза қарсаңында арнайы Telegram ботын іске қосты

    ҚМДБ ораза қарсаңында арнайы Telegram ботын іске қосты

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына орай @MuftyatBot Telegram-ботын іске қосты, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

    Бот жұмысын Рамазан айына орай өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырған.
    Тимур Орынханның айтуынша, Telegram қолданушылары жаңа бот арқылы Рамазан кестесін жүктеп, мүфтият ресми сайтында жарияланған ақпараттар мен мақалаларды, сұрақ-жауап, пәтуаларды оқи алады. Сондай-ақ бот арқылы діни сұрақтарын қойып, Шариғат және пәтуа мамандарынан жауап алуына мүмкіндік бар.

    Еске салайық, биыл Рамазан айы 1 наурыздан бастау алады.