Метка: Ораза

  • 2026 жылы Ораза қашан басталады және мұсылман мерекелері қашан өтеді

    2026 жылы Ораза қашан басталады және мұсылман мерекелері қашан өтеді

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған мұсылмандық діни мерекелер мен маңызды күндердің күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Sona.kz ҚМДБ-ға сілтеме жасап.
    ҚМДБ мәліметінше, шариғат және пәтуа бөлімі хижра айларының басталуын халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйене отырып бекіткен. Сонымен қатар, жаңа айдың көрінуіне байланысты мерекелік күндер бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін екені ескертілді.
    Бекітілген күнтізбеге сәйкес:
    •Ораза айы 19 ақпанда басталады;
    •Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түні өтеді;
    •Ораза айт мерекесі 20 наурызда аталып өтеді;
    •Құрбан айт 2026 жылы 27–29 мамыр аралығында тойланады.
    ҚМДБ өкілдері діни күндердің нақты даталары ай күнтізбесіне сәйкес нақтыланатынын атап өтті.
  • Мейрамханалар ауызашар бағасын шарықтатып отыр – Мүфтият

    Мейрамханалар ауызашар бағасын шарықтатып отыр – Мүфтият

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздегі мейрамхана, кафе иелерін қасиетті Рамазан айында халыққа қолжетімді бағамен ауызашар ұйымдастыруға шақырды.

    Дінбасылардың айтуынша, соңғы жылдары ауызашар мәзірінің бағасы шарықтап, қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып барады.

    «Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

    Діни басқарма қасиетті айда дастарқан жайып, ауыз бекіткен жандарға ас беру – үлкен сауап екенін атап өтті. Алайда соңғы жылдары елімізде бірқатар мейрамханалар ауызашар мәзірінің бағасын тым жоғары қойып, халықтың наразылығын тудырып отыр.

    «Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: «… ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» делінген («Ағраф» сүресі, 31-аят)», – деп еске салды ҚМДБ өкілдері.

    Дін мамандары ауызашар дастарқаны қарапайым болуы тиіс екенін айтып, кәсіпкерлерді көпшіліктің қалтасына сай қолжетімді мәзірлер ұсынуға шақырды. Сондай-ақ мұсылман жамағатын жетім-жесірлер мен мұқтаж жандарға ауызашар ұйымдастырып, қайырымдылық жасауға үндеді.

    ҚМДБ қасиетті Рамазан айының берекесі саудамен емес, шынайы сауаппен келетінін еске салып, халықты рухани тазаруға шақырды.

  • Барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

    Барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

    2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.

    Кестені мына сілтеме арқылы жүктей аласыз.

    Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

    – Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген хабарламада.

  • «Ауызашарды – ифтар, сәресін – сухур» дейтіндер көп – Бас мүфти

    «Ауызашарды – ифтар, сәресін – сухур» дейтіндер көп – Бас мүфти

    Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді қолданған. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

    «Осы ретте жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкінішке қарай, кейбір жас буын өкілдерінің ауызашарды – ифтар, сәресін – сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған ата-бабаларымыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, өзіміздің ата-бабамыздан қалған жақсы сөздерді қолданып, өзіміздің ана тілімізге құрмет көрсетіп, қазақша сөйлеуге тырысайық», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталатынын хабарлап отыр. Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – Қадір түні, ал 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

    Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

     

     

  • Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

    Рамазаннан екі күн бұрын арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма? – Мүфтият пәтуа шығарды

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына дейін арақ ішкен адамның оразасы қабыл бола ма деген сұраққа қатысты пәтуа жариялады. ҚМДБ өкілдеріне сенсек, шын тәубе етсе, Рамазан айынан бұрын арақ ішкен адамның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай қабыл болады.

    «Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады», – деп жазған мүфтият бұған қатысты Құран аяттарын мысалға келтірген.

    «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім арақ ішетін болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды» деген. Тағы бір хадисте: «Кім арақ ішсе, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Одан кейін тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күн намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді. Бұдан кейін тағы арақ ішсе, Алла оның тағы да қырық күндік намазын қабылдамайды. Бұл ісіне тәубе етсе, тәубесі қабыл етіледі. Ал төртінші рет тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күндік намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді де оны «хабәл» (тозақтықтардың іріңінен жиналған) өзенінен сусындандырады» делінген», – деп жазған мүфтият.

    Ал, Рамазан айының қарсаңында ішімдік ішудің үкімі туралы жазған мүфтият «ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды» деген пәтуа шығарып отыр.

  • Рамазан айы: Ораза кестесі жарияланды

    Рамазан айы: Ораза кестесі жарияланды

    Биыл Рамазан айы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

    2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.

    Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

  • ҚМДБ ораза қарсаңында арнайы Telegram ботын іске қосты

    ҚМДБ ораза қарсаңында арнайы Telegram ботын іске қосты

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айына орай @MuftyatBot Telegram-ботын іске қосты, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

    Бот жұмысын Рамазан айына орай өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырған.
    Тимур Орынханның айтуынша, Telegram қолданушылары жаңа бот арқылы Рамазан кестесін жүктеп, мүфтият ресми сайтында жарияланған ақпараттар мен мақалаларды, сұрақ-жауап, пәтуаларды оқи алады. Сондай-ақ бот арқылы діни сұрақтарын қойып, Шариғат және пәтуа мамандарынан жауап алуына мүмкіндік бар.

    Еске салайық, биыл Рамазан айы 1 наурыздан бастау алады.

  • 2025 жылы Ораза қашан басталады?

    2025 жылы Ораза қашан басталады?

    Кестеге сәйкес, Рамазан айы 1 наурызда басталады. 26 наурыздан 27 наурызға қараған түн – Қадір түні.

    Ораза айт – 30 наурыз.

    Басқарма Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалатынын мәлімдеді. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.