Метка: Оразалы Ержанов

  • Алматыда қоғам белсендісі Оразалы Ержанов екі айға қамауға алынды

    Алматыда қоғам белсендісі Оразалы Ержанов екі айға қамауға алынды

    Алматы соты қоғам белсендісі Оразалы Ержановты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы журналист Вадим Борейко адвокат Виталий Вороновқа сілтеме жасап хабарлады. Сот санкциясы 5 наурыз күні, белсендінің бұған дейінгі 10 тәуліктік әкімшілік қамау мерзімі аяқталуға бір сағат қалғанда шыққан.

    Бұған дейін Алматы полициясы Ержановтың әлеуметтік желілердегі жазбаларына байланысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Құзырлы органдардың мәліметінше, интернетте «жалған ақпарат тарату және референдумға бойкот жариялауға шақыру» белгілері анықталған.

    Қылмыстық іс «сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру мүмкіндігі» дерегі бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, қоғам белсендісі тергеу изоляторына қамалды.

  • Оразалы Ержанов жаңа Конституция жобасы туралы жазбалардан кейін ұсталды

    Оразалы Ержанов жаңа Конституция жобасы туралы жазбалардан кейін ұсталды

    Қоғам белсендісі, бұрынғы банкир Оразалы Ержанов ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде журналист әрі редактор Ирина Петрушова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

    Жарияланған мәліметке сәйкес, ол жаңа Конституция жобасына қатысты сыни жазбалардан кейін полицияға жеткізілген. Сонымен қатар, оның парақшасындағы кейінгі жарияланымдар жойылғаны айтылған. Журналист Гульжан Ергалиева белсендінің жұбайына сілтеме жасап, түнде тінту жүргізіліп, 10 тәулікке қамауға алынғанын хабарлаған.

    Редакция Алматы қалалық полиция департаментіне сауал жолдап, ресми жауап алды. Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат пен референдумға бойкот жасауға шақыру белгілері бар жарияланымдар анықталған.

    Аталған факті бойынша «сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ретінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталғаны хабарланды. Тергеу нәтижесінде оның әрекеттеріне құқықтық баға берілетіні айтылды.

    Полиция өкілдері азаматтардың пікір білдіруі заң бұзушылық болып саналмайтынын атап өтті. Жауапкершілік тек жалған ақпарат таратуға және азаматтарды адастыруға бағытталған әрекеттерге көзделгенін мәлімдеді.

    Бұған дейін де жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін Алматы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланған болатын.