Метка: Өтемақы

  • Яна Легкодимова ісі: қорғаушы тарап өтемақы талап етті

    Яна Легкодимова ісі: қорғаушы тарап өтемақы талап етті

    Атырауда Яна Легкодимова өліміне қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Sona.kz Atyrau.today — ге сілтеме жасап.

    Сот отырысы кезінде қорғаушы тарап әрбір айыпталушыдан моральдық зиян үшін 25 миллион теңге, ал іздеу жұмыстары мен жерлеу рәсіміне кеткен шығындар үшін 10 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етті.

    Бұған дейін сот отырыстары айыпталушы тарап адвокаттарының денсаулығына байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын. Қазіргі уақытта іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралып жатыр.

  • Қызылордадағы қайғылы апат: күйеуінен айырылып, баласы мүгедек болған әйелге автобус паркі ай сайын өтемақы төлейді

    Қызылордадағы қайғылы апат: күйеуінен айырылып, баласы мүгедек болған әйелге автобус паркі ай сайын өтемақы төлейді

    Қызылордада автобус қатысқан жол апаты отбасының тағдырын өзгертіп жіберді. 2019 жылғы апатта әйелдің жұбайы көз жұмып, кәмелет жасына толмаған ұлы ауыр жарақат алып, II топтағы мүгедектікке шықты, деп хабарлайды Sona.kzNur.kz-ке сілтеме жасап.

    Әйел сотқа жүгініп, балаларын асырау үшін ай сайынғы төлемдерді талап етті. Қызылорда қалалық соты талапты қанағаттандырып, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-ін өтемақы төлеуге міндеттеді.

    Сот шешіміне сәйкес, компания әрбір балаға ай сайын 15 айлық есептік көрсеткіш (58 980 теңге) көлемінде төлем жүргізіп отырады. Бұл сома балалар кәмелет жасына жеткенге дейін беріледі.

  • Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға өтемақы төледі

    Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Әзербайжанға өтемақы төледі

    Өткен жылдың желтоқсан айында болған Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты ресейлік сақтандыру компаниясы Azal әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы үшін өтемақыны толығымен төледі, деп хабарлайды Malim.kz. 

    Сондай-ақ ресейлік компания мерт болған және аман қалған жолаушыларға төлем төлеуді бастады. Бұл туралы компания бас директорының авиациялық және ғарыштық сақтандыру жөніндегі орынбасары Илья Кабачник мәлімдеді. 

    Ұшақ үшін төлем ақпан айында толық көлемде жасалды, – деді ол.

    Алайда өтемақы мөлшері қанша болғаны айтылмады. Сарапшылардың пікірінше, бұл шамамен 25-30 миллион доллар болуы мүмкін