Метка: париж

  • Парижде Swarovski зергерлік бутигі тоналды

    Парижде Swarovski зергерлік бутигі тоналды

    Парижде кезекті ірі ұрлық тіркелді — Лувр музейінен король әшекейлерінің жоғалғанынан кейін екі апта өтпей жатып, белгісіз адамдар Swarovski зергерлік бутигін тонап кетті, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

    Le Parisien басылымының мәліметінше, қылмыскерлер шамамен 200 мың еуро тұратын зергерлік бұйымдар мен сағаттарды ұрлап кеткен.

    Дүкендегі дабыл жүйесі іске қосылмаған, ал бейнебақылау камералары қылмыскерлерді тіркемеген. Оқиға тек келесі күні таңертең, қызметкер жұмысқа келген кезде белгілі болған.

    «Кіреберіс есік бұзылған, касса мен әйнек сөрелер қираған», — деп жазады басылым.

    Париж прокуратурасы ұрлық фактісін растады.

    «Алдын ала деректер бойынша, дүкен есігінің құлпы бұзылған. Залал шамамен 200 мың еуро деп бағаланып отыр. Тергеу жалғасуда», — деп мәлім етті құзырлы орган.

    Бұл — соңғы апталардағы Париждегі зергерлік дүкендерге жасалған екінші ірі қылмыс. Бұған дейін Лувр музейінен король әшекейлері ұрланған болатын.

  • Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

    Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

    Ұлттық банктің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2024 жылдың басынан бері 3,0 млрд долларға өскен.

    2024 жылдың басынан бастап сыртқы қарыз төлем балансының операциялары есебінен 2,7 млрд долларға, ал құндық, бағамдық және басқа да өзгерістер есебінен 0,3 млрд долларға ұлғайған.

    Қазақстанның сыртқы қарызының 87,5%-ы ұзақ мерзімді сыртқы қарызға тиесілі. Бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтса, екінші жағынан қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге нарықтық жағдайлардың өзгеруінің ықпалын күшейтеді. Қарыздың қаржылық құралдар түрлері бойынша құрылымында резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар басымдыққа ие (73,9%), ал резидент еместер қолындағы борыштық бағалы қағаздар 8,0%-ды құрайды, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

  • Президент Давид Дегтяревті құттықтады

    Президент Давид Дегтяревті құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

    Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

    Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.

  • Президент спорт министрін лауазымынан босатты

    Президент спорт министрін лауазымынан босатты

    «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды»,- делінген Ақорданың телеграмдағы ресми хабарламасында.

    Естеріңізге сала кетейік,  бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі спорт саласын сынға алғанын хабарлаған болатынбыз.

    «Салалық министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті, өңірлердегі спорт басқармалары мен федерациялардың жұмысында олқылық көп әрі өзара үйлесімді жұмыс жоқ. Қазіргі жағдайға қарағанда, спорт функционерлері саланы дамытумен емес, миллиардтаған бюджет қаржысын игерумен әлек. Олар түпкі нәтижеге бас ауыртпайды. Спорт саласында жемқорлық фактілері жиі кездеседі. Бұл тек отандық спорттың дамуына ғана емес, елдің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Мұндайға жол беруге болмайды!» – деп Қасым-Жомарт Тоқаев сынға алған болатын. 

  • Француз соты Павел Дуровқа  қатысты тергеуге ресми түрде кірісті

    Француз соты Павел Дуровқа қатысты тергеуге ресми түрде кірісті

    Француз соты Павел Дуровқа  қатысты тергеуге ресми түрде кірісті. Дегенмен, «Телеграмның» негізін қалаушы, 39 жастағы миллиардер 5 миллион доллар кепіл ақша төлеп, босатылды. Бірақ аптасына екі рет полицияға көрініп, ел аумағынан кетпеуі шарт. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Дуровтың кінәлі екенін немесе сотталатынын білдірмейді. Тек оны тергеуге жеткілікті негіз бар екенін ғана аңғартады. Айта кетсек, Дуров сенбі күні Париж әуежайында тұтқындалды. Ол «Телеграм» платформасында есірткі саудалау, алаяқтық сияқты түрлі қылмыстар үшін ұсталып отыр.

  • Пара спортшылар Парижге аттанды

    Пара спортшылар Парижге аттанды

    Пара спортшылар Парижге аттанды

    XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың алғашқы легі Парижге аттанды. Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты.

    Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.

    Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Сиязбек Дәлиев пен Амир Мұратбеков бар.

    Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.