Метка: Пәтер ұрлығы

  • Алматыда жаңа жыл түні жасалған пәтер ұрлығы әшкереленді

    Алматыда жаңа жыл түні жасалған пәтер ұрлығы әшкереленді

    Қаланың Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелері үйде жоқ кезде заңсыз кіріп, техника, алтын әшекей бұйымдар және ақша ұрлаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Sona.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап.

    Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке бастары анықталып, барлығы ұсталды. Арнайы операция қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері, Әуезов аудандық полиция басқармасы және арнайы мақсаттағы бөлімше бірлесіп өткізген.

    Тергеу барысында анықталғандай, ұсталғандардың екеуі бұған дейін ұрлық үшін жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

    Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияровтың айтуынша, күдіктілер мерекелік түнді пайдаланып, пәтер иелері мен адамдардың назарын мейрамға аудару арқылы ұрлық жасауға әрекеттенген. Алайда олардың әрекеттері дер кезінде әшкереленіп, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді.

    Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

  • Елімізде үш айда пәтер ұрлығы үшін 25 қылмыстық топ ұсталды

    Елімізде үш айда пәтер ұрлығы үшін 25 қылмыстық топ ұсталды

    Пәтер ұрлығы – бұл мүлікті ұрлау мақсатында тұрғын үйге заңсыз кірумен байланысты қылмыс түрі. Ол кілт таңдау, есіктерді бұзу, терезе немесе балкон арқылы кіру сияқты әртүрлі әдістер арқылы жасалуы мүмкін. ІІМ пәтер ұрлығын азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Соңғы бес жылда оның саны 14 мыңнан 6 мың дерекке дейін, яғни екі жарым еседей азайды. Жыл басынан бері пәтер ұрлығының тіркелуі 30%-ға төмендеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

    Айлакер ұрылардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу бойынша шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

    – Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ құрамында үш адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша шығын 10 млн теңге, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

    Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 2025 жылдың үш айында ел бойынша пәтер ұрлығын жасағаны үшін 25 қылмыстық топ ұсталды.

    Ұрлыққа жол бермеу үшін ІІМ қарапайым әрі тиімді қауіпсіздік шараларын ұсынады: есікке сапалы құлып, терезелерге торлар орнатып, дабыл жүйесі мен бейнебақылау камераларының мүмкіндіктерін қолдануға болады.

    Әлеуметтік желілерде қолда бар ақша жинақтары мен зергерлік бұйымдар, материалдық құндылықтар және оларды сақтау орындары туралы ақпаратты жарияламаған абзал.