Метка: Пәтер

  • Алматыда әйелдің пәтеріне басып кіріп, 30 млн теңге ұрланды

    Алматыда әйелдің пәтеріне басып кіріп, 30 млн теңге ұрланды

    Алматыда белгісіз біреу пәтерге басып кіріп, әйелді байлап, қылмыстық әрекет жасады. Жәбірленушіден қымбат бағалы әшекей бұйымдар мен 30 млн теңге көлеміндегі жинақтар ұрланған, деп хабарлайды Sona.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап.

    Полиция оқиғаға дереу әрекет етіп, қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ретінде екі адам ұсталды. Олардың үстінен “Разбой” бабы бойынша қылмыстық іс ашылды.

    Тергеу барысында күдіктілер ұрланған ақшаның көп бөлігін қайтарған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары олардың басқа ұрлықтармен байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

    Оқиға бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.

  • Алматыда жалға алынған пәтерді қан басты

    Алматыда жалға алынған пәтерді қан басты

    Алматыда пәтер иесі жалға берілген үйін тексеруге келгенде шошып кетті: жиһаз аударылып, қабырғалар, еден және интерьер заттары қанға боялған, деп хабарлайды Sona.kz Egov.kz-ке сәлтеме жасап.

    Әлеуметтік желілерде видео жарияланып, оқиға шын мәнінде «қырғын» сияқты көрінді, пайдаланушылар өлім жағдайы орын алды деп болжады.

    Алайда Алматы полициясы тексеріс жүргізіп, пәтерде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалмағанын хабарлады.

    Оқиға Бостандық ауданының бір пәтерінде алкогольдік ішімдіктерді ішіп отырған екі әйел арасында орын алған.

    Ведомство мәліметіне сәйкес, бір әйел сынған шыны бөтелкемен абайсызда жарақат алып, аяқтан кесілген. Қанның көп болуы дәл осы жарақатқа байланысты.

    Олармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп, мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде түсіндірулер жасалған.

  • Қонаевта демеушілер 10-нан астам тұрғынға пәтер сыйлады

    Қонаевта демеушілер 10-нан астам тұрғынға пәтер сыйлады

    Жаңа жыл қарсаңында қоныстой тойлайтындардың ішінде әлеуметтік осал топтағы жандар, жастар мен спортшылар, қоғам өміріне атсалысып жүрген азаматтар бар. Бұл пәтерлер тұрғындарға жекеменшікке берілді.

    «Қонаевта бірнеше жылдан бері тұрғын үй құрылысымен айналысып жатырмыз. Бүгін 12 адамға қуаныш сыйласақ, алдағы уақытта тағы да бірқатар тұрғынға пәтер сыйласақ деп жоспарлап отырмыз. Тәуелсіздік күні мен келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!» – деді компанияның акционері Нұрғали Мылтықбаев.

    Сондай-ақ демеуші «Қапшағай Самға» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Марат Абдулдаевқа коммерциялық нысан сыйлады.

    Айта кетейік, соңғы екі жылда Қонаевта әлеуметтік осал топтағы 230-дан астам отбасыға мемлекеттен пәтер кілттері табысталды.

  • Семейде қатарластарынан соққы көрген Әлинұрға жаңа пәтер берілді

    Семейде қатарластарынан соққы көрген Әлинұрға жаңа пәтер берілді

    Бұл туралы ақпарат TikTok-та нотариустан суреттерді жүктеген  желі қолданушысы: «Семейлік балаға жаңа пәтер сатып алынды», – деп жазды.

    Еске салсақ, Семейде аса қатыгездікпен жасалған оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. 24 ақпанда әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің баланы жерге құлатып, тепкілеп, оның басынан теуіп, үстіне секіріп, түрлі жолмен қорлаған видеосы тарады.

    Абай облысының полиция департаменті оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ оқиғаны ерекше бақылауға алғанын хабарлады. Барлық қатысушылар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген, ал зардап шеккен жасөспірімге қажетті көмек көрсетілген.

      Оған халық 24 млн теңге жинап берген болатын.

  • Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды

    Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды

    Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

    Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда.

    – Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәтерлік 9 үй — коммерциялық тұрғын үй, 866 пәтер тұрғын үй сатып алу арқылы, 260 пәтерлік 4 үй демеушілер есебінен, – деді Б. Исабаев.