Метка: Пәтерге тіркеу

  • Астанада бір пәтерге тіркеуге болатын адам санына шектеу қойылады

    Астанада бір пәтерге тіркеуге болатын адам санына шектеу қойылады

    Келешекте Астанада «резеңке» пәтерлер болмайды, себебі елордада тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту ұсынылып отыр. Тиісті норма «Кейбір заңнамалық актілерге астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы көзделген.

    Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, заң жобасы аясында елордадағы көші-қон процесі реттеледі.

    «Әлемдегі ірі қалаларда сапалы білім мен медицина, дамыған инфрақұрылым, инновациялар мен технологиялар шоғырланған. Бұл өз кезегінде урбанизацияға әсер етеді. Осы процесс біздің  елімізге де тән. Қазір халық ірі қалаларда өмір сүруге талпынуда, бұл пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына алып келді. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматты тіркеген», – деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

    Осы проблеманы шешу үшін пәтерге тіркелетін адам санына шектеу қою ұсынылып отыр.

    «Елорда аумағында тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту, яғни мәслихатпен алдағы уақытта бір азаматқа қанша шаршы метр тиісілі екені белгіленеді. Астана аумағында бір мекенжайда нормативтен артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізіледі.  Бұл ретте, тіркеу нормативтері тұрғын үй иесі мен оның жұбайының жақын туыстарына қолданылмайды», – деді министр.

    Сондай-ақ, тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі.

  • Орал тұрғыны пәтеріне 95 адамды тіркеген

    Орал тұрғыны пәтеріне 95 адамды тіркеген

    Орал қаласының тұрғыны өз пәтеріне 95 адамды тіркеген,  деп хабарлайды Polisia.kz.

    Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды. Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

    «Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін.  Келесі тармақтарға ерекше назар аудару керек:  – Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 2-бөлігі).  – Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 4-бөлігі).  Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады», – делінген облыстық Полиция басқармасы таратқан ақпаратта.

    Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған.  Азаматтарды тіркеу саласындағы заңнаманы сақтау – бұл заңдылық мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды шарты.