Метка: Павлодар облысы

  • Павлодар облысында қарт кісі үйімен бірге өртеніп кетті

    Павлодар облысында қарт кісі үйімен бірге өртеніп кетті

    Павлодар облысында қарт кісі үйімен бірге өртеніп кеткені белгілі болды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға 23 ақпан күні сағат 11:28-де Железинка ауданының Михайловка ауылында болған.

    «Жекеменшік тұрғын үйде тұрмыстық газ баллонды қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзу нәтижесінде газ-ауа қоспасының жануы орын алып, 70 шаршы метр алаңды өрт шарпыды.

    Өрт орнына жедел түрде 16-ӨСБ өрт сөндірушілері жіберілді (өрт сөндіру бөлімінен 98 км қашықтықта орналасқан), сонымен қатар Михайловка ауылының жергілікті атқарушы органдарының өрт сөндіру бекеті жұмыс жүргізді. Жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекетінің күшімен (4 адам және 1 техника) 1959 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

    Сағат 14.00-де өрт толықтай сөндірілді. ТЖД күштері мен құралдарынан 3 қызметкер және 2 бірлік техникасы, сонымен қатар ЖАО 4 адам және 1 техника жұмылдырылды», – делінген ТЖД хабарламасында.

    Павлодар облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау туралы ескертеді.

  • Павлодар облысында әкім мас күйде ұсталды

    Павлодар облысында әкім мас күйде ұсталды

    Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас күйде ұсталды. 

    Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас күйде басқанған. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

    «Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды», – әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Искендиров.

    Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға өткен жылдың желтоқсан айында келген.

  • Заңсыз балық аулағандарға 2 млн теңге айыппұл салынды

    Заңсыз балық аулағандарға 2 млн теңге айыппұл салынды

    Соның аясында тәртіп сақшылары заңсыз аң және балық аулаудың жолын кесуді қолға алды. Аққулы ауданында рейдтік іс-шаралар барысында «Lada Priora» көлігі тоқтатылып, оның ішінен 16 қап артемия салина шаяны, оны аулауға арналған тор мен резеңке етіп тәркіленді. Аққулы ауданы полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаевтың айтуынша, балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал тәркіленген шаян бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

    Сол сияқты жағдай Ақсу қаласында да тіркелді. Мұнда да тұрғындар Сырлықала ауылынан 15 шақырым жерден артемия салина шаяндарын аулаған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

    Жалпы, бір ай аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының 135 бұзушылығын, оның ішінде аң аулау және балық аулау ережелерін бұзудың жолын кесті. Осы аралықта заңсыз ауланған 1 тоннадан астам балық тәркіленіп, ережені елемегендерге 2 млн теңге айыппұл салынды.

  • Жылыту маусымы басталмай жатып бес адам көз жұмды

    Жылыту маусымы басталмай жатып бес адам көз жұмды

    Жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында бес өрт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденовтің айтуынша, қайғылы оқиға Ақтоғай және Шарбақты аудандарында тіркелді. Көз жұмған азаматтар төсек орнында темекі тартып, салдарынан өмірмен қоштасты.

    Сонымен қатар, үш адам улы газдан уланып қайтыс болды. Өлімнің негізгі себебі – пешті пайдалану ережелерінің сақталмауы. Біз әр азаматқа өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін түсіндіруге тырысамыз. Олқылықтар анықталған жағдайда тек ескерту жасап, кеңес бере аламыз. Заңнама бойынша тұрғын үй секторында тексеріс жүргізу және жауапқа тарту шаралары қарастырылмаған. Сондықтан тұрғындардың жеке жауапкершілігіне ғана сүйенеміз. Рейдтік және түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргіземіз, – дейді Қайрат Шаймарденов.

    Айта кетейік, жылыту маусымына дейін қауіпсіздік айлығы өткізілді. Профилактикалық шаралар нәтижесінде мамандар 16 мың жекеменшік баспана тұрғындарымен кездесу өткізіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, мыңнан астам үйде 1 943 бұзушылық анықталды.

    Айлық қорытындысы бойынша департаменттің есебіне 1 200-ден астам тұрғын үй алынды. Нысандар әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтарға тиесілі. Бұл үйлерде 3 600-ден астам азамат тұрады. Жалпы, қалалар мен аудардардағы жекеменшік үйлердің барлығын түсіндіру жұмыстарымен қамтуға тырысамыз. Дегенмен, олқылықтар қайталана береді. Мәселен, жылыту маусымы кезеңіне дейін пешті дайындау керек. Тазалап, қираған жері болған жағдайда жөндеу керек, – дейді өрт сөндірушілер.