Метка: перизат кайрат

  • Үкім уақыты белгіленді: Перизат Кайрат ісі бойынша шешім бүгін шығады

    Үкім уақыты белгіленді: Перизат Кайрат ісі бойынша шешім бүгін шығады

    Перизат Кайрат пен анасы Гайни Алашбаеваға қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі 25 шілде күні сағат 15:00-де шығарылады. Бұл туралы Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Астана қаласындағы соттың хабарлауынша, үкім ашық отырыста жарияланбақ. Бұған дейін процесс бірнеше мәрте жабық форматқа ауыстырылған еді.

    Айта кетейік, бұған дейін прокурор Перизат Кайратқа — 10 жыл, ал оның анасына — 8 жыл бас бостандығынан айыруды және мүліктерін тәркілеуді сұраған болатын.

  • Перизат Қайрат ісі: спонсорлар жалған уәде мен фейк құжаттарға сеніп, 200 миллион теңгесін аударған

    Перизат Қайрат ісі: спонсорлар жалған уәде мен фейк құжаттарға сеніп, 200 миллион теңгесін аударған

    Астанада өтіп жатқан Перизат Қайратқа қатысты алаяқтық іс бойынша сотта ASAR-UME қайырымдылық қорының президенті Асхат Нурмашев жауап берді. Бұл туралы Sona.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Қор басшысы Перизат Қайраттың БҰҰ аясында жұмыс істейтін гуманитарлық хабқа қол жеткізе алатынына сеніп, 200 миллион теңге аударғанын айтты. Оның сөзінше, Перизат Абу-Дабиде орналасқан арнайы қоймамен байланысы барын және тіпті араб корольдік отбасының өкілдерімен дос екенін алға тартқан.

    «Біз көмекті қай арнамен жөнелтуге болатынын іздедік. Сол кезде әлеуметтік желіде Перизат Қайраттың Палестина елшілігімен бірігіп жұмыс істеп жатқаны айтылды. Біз кездескенде ол хабты өз көзімен көруді ұсынды, сол үшін Дубайға бірге ұштық», – деді Асхат Нурмашев.

    Нурмашев хабты көріп, Перизаттың байланыстарына сенімді болғанын айтады. Сол негізде 10 қарашада қор 200 миллион теңге көлеміндегі алғашқы траншты аударған.

    Кейінірек Перизат уәде еткен есептерді бермеген. Құжаттар бірнеше рет кейінге қалдырылып, тек ақпан айында ғана Абу-Дабидегі қордың атына жасалған банктік төлем қағаздары келіп түскен. Алайда тергеу бұл құжаттардың жалған екенін анықтады.

    «Басында біз оның шыншылдығына күмәнданған жоқпыз. Бірақ құжаттардың жалған екенін тергеу дәлелдеді. Қалған 93 миллион теңгені біз кейін Палестина елшілігінің ресми шотына өзіміз аудардық», – деді Нурмашев.

    Сот барысында Перизат Қайратқа жәбірленушілермен жалған уәделер арқылы байланыс орнатты, жалған есептер мен құжаттар дайындады деген айып тағылды. Қазіргі таңда сот тергеуі жалғасуда.