Метка: Перизат Қайрат

  • «Мүмкіндігі шектеулі балаларға» деп жинаған 22 млн теңгені өзіне жұмсаған

    «Мүмкіндігі шектеулі балаларға» деп жинаған 22 млн теңгені өзіне жұмсаған

    Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 1,7 миллиард теңге ұрлады деп күдікке іліккен Перизат Қайраттың ісіне қатысты пайда болған тың деректерді айтты.

    Бұған дейін бұл іс бойынша негізгі эпизодтар ретінде су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау мен  Палестина азаматтарына көмек ретінде қаражат жинау тіркелсе, енді тағы да жаға ұстатарлық жайттар пайда болды.

    Нақты айтар болсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін қаражат жинау. Перизат Қайрат осы арқылы заңсыз түрде шамамен 22 миллион теңге пайда тапқан.  Бұл ақшаны ол көлік, пәтер, жеке үй және басқа да жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

    Сонымен қатар Перизат Қайраттың анасы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілігіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    «Біз оны қылмыстық кодектсің 190-бабы, яғни алаяқтық және 218-бабы – қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша Қайраттың сыбайласы ретінде қарастырып отырмыз. Алайда оған әзірге айып тағылған жоқ және бұлтартпау шарасы белгіленген жоқ», – деді агенттік төрағасының орынбасары.

  • Перизат Қайраттың анасы ұсталды

    Перизат Қайраттың анасы ұсталды

    Перизат Қайраттың анасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Kozachkov offside» телеграм каналының жазуынша, оның анасы қайырымдылық қордан қаражат шығаруға көмектескен болуы мүмкін деген күдікке іліккен. 

    «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысының қамауға алынуы жаңа деректермен толығуда. Енді іс бойынша Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева да күдікті ретінде қарастырылып отыр.

    Дереккөз мәліметінше, Ғайни Алашбаева кеше ұсталып, изоляторға қамалған, ол да 1,7 млрд теңгені жымқыру ісі бойынша күдікке ілінді. Тергеу мәліметтері бойынша, Перизат Қайраттың анасы қайырымдылық қордан қаражат шығаруға көмектескен болуы мүмкін. Алдағы күндері тергеу соты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін шешеді.

    Естеріңізге сала кетейік, Перизат Қайрат 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл қаржы Қазақстандағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған болатын. Сонымен қатар, оған Палестина тұрғындарына арналған гуманитарлық көмекті иемденді деген айып тағылуда.

  • Перизат Қайраттың қымбат мүліктері бұғатталды

    Перизат Қайраттың қымбат мүліктері бұғатталды

    Соттың санкциясымен қайырымдылық қордың тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайраттың қымбат мүліктері бұғатталды.

    Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға және Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілініп отыр.  

    Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астанадағы Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), Sensata Plaza тұрғын үй кешені, сондай-ақ Vela Village коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval көліктері бұғатталды.

    Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және тағы басқа танымал брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып тәркіленді, – деп жазылған ҚМА таратқан хабарламада.

    Тәркіленген мүлік заттай дәлелдер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  • Перизат Қайрат такси жүргізуші әйелге тиесілі пәтерді бермеген

    Перизат Қайрат такси жүргізуші әйелге тиесілі пәтерді бермеген

    2022 жылдың қараша айында әлеуметтік желілерде Астана тұрғыны Әсел Омарованың сәбиін қолына ұстап жүріп, такси жүргізген бейнеролигі тарады. Нәтижесінде халық әйелдің айыппұлдарын жауып, 2 миллион теңге жинап берді.

    Сонымен қатар, дәл сол кезде Перизат Қайрат пайда болып, Әсел Омароваға пәтер сертификатын тапсырды.

    Tengrinews мәліметінше, сәбиін арқалаған ана әлі күнге дейін жатақхананың бір бұрышын жалдап, такси жүргізуін жалғастыруда. Арада 2 жыл өтсе де не пәтер жоқ, не ақша жоқ.

    «Перизат Қайрат маған қоңырау шалып, біраз күтуімді өтінді. Содан кейін тағы біраз. Ол құрылыс салушының өзімен келіссөз жүргізіп, арты жанжал болды. Қазіргі уақытта оның өз учаскесі де жоқ», —
    деп баяндады Әсел Омар

  • Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылды

    Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылды

    Пара үстел теннисі федерациясы мекеменің президенті болған Перизат Қайратты қызметінен босатылғаны туралы мәлімдеме жасады.

    «Қазақстан Республикасының Пара үстел теннисі федерациясы Перизат Қайрат ұсталып, тергеу жүргізілуіне байланысты енді ұйымның президенті болып саналмайтынын хабарлады. Шешім 2024 жылдың 14 қарашасында федерацияның кезектен тыс отырысында қабылданды. Ол тағайындалғалы бері оның басшылығымен бірде-бір ресми кездесу немесе жұмыс туралы бұйрықтар өткізілмегенін атап өтеміз. Пара үстел теннисінің және спортшыларымыздың дамуына қолдау көрсете отырып, ашықтық пен заңдылық қағидаттарына сәйкес жұмысымызды жалғастырамыз», — делінген хабарламада.

    Айта кетейік, осыған дейін кәсіпкер, Instagram әлеуметтік желісінде 500 мыңнан астам оқырманы бар танымал блогер 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталғаны хабарланған.

  • Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңге ұрлады деген күдікпен ұсталды

    Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңге ұрлады деген күдікпен ұсталды

    Су тасқыны кезінде жапа шеккен халыққа көмектесуге құлшынған Перизат Қайрат қазір ел сенімін аяққа таптады деген күдікке ілінді.

    Қаржылық мониторинг агентігінің мәліметінше, ол 1,5 миллиард теңге ұрлаған болуы мүмкін. Бұл қаржы еліміздің әр аймағынан жиналып, қайырымдылық қоры арқылы мұқтаж жандарға бағытталуы тиіс еді.

    Алайда, сол қайырымдылық ақшасына Перизат ханым Астананың қымбат автосалондарынан бірнеше элиталық көлік сатып алды:

    Mercedes-Benz S450 – құны 88 миллион теңге;
    Lexus LX-600 – құны 80 миллион теңге;
    Haval – құны 39 миллион теңге.
    Қымбат көліктерден бөлек, Перизат «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» секілді элиталық тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығынан жылжымайтын мүлік сатып алды. Бұл мүліктердің жалпы құны 600 миллион теңгеге жеткен.

    ҚМА таратқан ақпаратқа сәйкес, ол Дубай, Доха, Лондон, Стамбұл қалаларына жиі барып, «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace», «Kempinski» секілді бесжұлдызды қонақ үйлерде тоқтаған. Атақты «Cartier» мен «Louis Vuitton» брендтерінің әшекей бұйымдары мен аксессуарларын сатып алып, яхтада қыдырып, қымбат мейрамханаларда ас ішкен.

    Өзінің айла-тәсілін жүзеге асыру үшін, ол жақын достары мен туыстарын қатыстырған. Олар қайырымдылық қоры қаражатын 8% сыйақы үшін қолма-қол ақшаға айналдырған.

    Перизат Қайрат – «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы. Көктемдегі ауқымды су тасқыны кезінде халықтың қайғысын өз жүрегінен өткізгендей болып, президентке бейнеүндеу жолдады. Онда мемлекеттік көмек жоқ екенін айтып, жанайқайын жеткізді. Алайда, бұл үндеуді көп ұзамай әлеуметтік желілерден өшіріп тастады.