Метка: Петропавл
-

Коррупциялық іс: Петропавлда сот төрағаларына қарсы сот процесі жүріп жатыр
Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының екі бұрынғы сот төрағасына қатысты қылмыстық іс қарала бастады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Айыпталушылар орындығында – СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймаханов пен Петропавл қаласының №2 сотының экс-төрағасы Ерлан Ибраев. Сонымен қатар іс бойынша алматылық заңгер Артём Иванов пен кәсіпкерлер Геворг Погосян және Гамлет Мелконян да жауап беруде.Прокуратураның мәліметінше, олар бірнеше ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы бар деп айыпталуда. Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушылар борыштық дауларды шешу, компанияларды банкрот деп тану және мемлекеттік сатып алуға қатысу бойынша заңсыз шешімдер үшін пара алған.? Істің негізгі эпизодтары:•Бірінші эпизодта Баймаханов коллекторлық агенттікке тиімді шешім шығару үшін 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алуға келісіп, 15 мың долларын алған. Ақша оның қызметтік кабинетінде тәркіленді.•Екінші эпизодта Баймаханов пен Ибраев жол жөндеу компаниясына қолдау көрсету үшін 2,5 млн теңге алғаны айтылды.•Үшінші эпизодта кәсіпкер Мелконян 233 млн теңге қарызын есептен шығару үшін судьяларға 2 млн теңге берген. Кейінірек бұл шешім апелляцияда жойылды.Прокурор Жанат Бқаевтың айтуынша, судьялардың әрекеті сот жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, антын бұзған.Айыпталушыларға аса ірі көлемдегі алаяқтық, пара алу және пара беру баптары бойынша айып тағылды. Сот процесі жалғасуда. -

Петропавлда экс-полицей қылмыскермен «достығы» үшін сотталды
Петропавлда ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына үкім шықты. 36 жастағы Ерболат Қаптаев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, Қаптаев қаладағы белгілі рецидивист Руслан Нагумановпен байланыста болған. Тергеу оның қылмыскерден сыйлықтар мен төлемдер алғанын, ал есесіне тінтулер туралы алдын ала хабарлап, қылмыстық жауапкершіліктен құтылуына көмектескенін анықтады.
Нагуманов былтыр алаяқтық және бұзақылық үшін жеті жылға сотталған. Қаптаев айыбын мойындамай, қарым-қатынас тек қызметтік сипатта болғанын айтты. Дегенмен сот куәгерлердің айғақтары мен жазбаларды дәлел ретінде қабылдады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
-

Петропавлда саяжай учаскелерін су басты
Әкімдік отырысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы хабарлады. Облыс әкімінің айтуынша, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалып отыр. Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28-30 сәуірде күтіледі.
Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су жылдағыдай жайылма алқаптарға таралып жатыр. Қазір су Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай учаскелеріне жайылған. Бұл саяжайларда тұрғындар жоқ, ТЖД мен полиция бекеттері қойылды.
Ойқала мен Былғары кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарында жағдай ерекше бақылауда.
«Су тасқыны толық аяқталғанға дейін жағдайды тұрақты бақылауда ұстаймыз. Басты басымдық – азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтау. Барлық қызметтер жоғары дайындықта болып, жедел әрекет ету керек», – деді өңір басшысы.
Есіл өзенінің жайылма алқабында орналасқан Заречный кентінде 6 көпқабатты және 90 жеке үй, №13 орта мектеп пен түзеу мекемесі бар. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүлкін қорғау мақсатында Заречный кентінің тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта 90 және 72 пәтерлі екі көпқабатты үй тұрғызылуда. Сонымен қатар, жаңа түзеу мекемесі мен Копай шағын ауданында 600 орындық мектеп салынады.
-

Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сай, жанжалға 20-40 шақты адам қатысқан. Кейбір курсанттар жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсетілген.
Академиядағылар бұл оқиғаны растады. Төбелеске бірінші курс студенттері қатысқан. Зақым алғандарға ауруханаға жатқызу қажет болмаған.
Қазіргі таңда болған жайтқа байланысты тексеріс жүргізілуде. Академияда Қазақстанмен қатар Тәжікстаннан келген курсанттар да білім алады.
-

Қанат Бозымбаев СҚО-дағы су тасқынына дайындық барысын тексерді
Шал Ақын ауданына қарасты Сергеевка қаласында Қанат Бозымбаев Сергеев су торабының жағдайын тексерді.
Сонымен қатар вице-премьер Есіл өзенінің бойында орналасқан Николаевка, Покровка, Явленка, Большая Малышка және Соколовка ауылдарындағы жағдайды тексерді. Облыс бойынша су басу қаупі бар 116 елді мекен бар. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, жағдай тұрақты бақылауға алынған.
Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев Новоникольск ауылындағы көпірді, Қызылжар ауданына қарасты Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы жөнделген бөгеттерді, Петропавл су торабын және Заречный кентіндегі айналма каналдың жағдайын қарады. Ұзындығы 3,7 шақырымға созылған бұл канал биыл су деңгейін реттеу және артық суды шығару үшін салынды.
Петропавлда су тасқынының бірінші толқынының шарықтау кезеңі 4-5 сәуірге болжанып отыр. Қорғау бөгеттерін нығайту жұмыстары аяқталуға жақын. Қанат Бозымбаев Ущева көшесіндегі бөгеттің қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.
Бұл нысан Подгора шағын ауданын су тасқынынан қорғайды. Сондай-ақ ол «Биопруд» су жинау қоймасы маңындағы қорғаныс бөгетінің құрылысымен танысты. Жұмыстар желтоқсанда аяқталмақ.
-

8 жасар қызына қорлық көрсеткен әке өмір бойына сотталды
Солтүстік Қазақстанда сегіз жасар қызын зорлаған әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Halyqstan мәліметінше, Петропавлдың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 29 жастағы Әділхан Сәкеновке қатысты үкім шығарды. Ол 121-бап «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет» бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сот жабық есік жағдайында өтіп, қылмыстың жай-жапсары ресми түрде жарияланбады. Дереккөз мәліметінше, Сәкенов сегіз жасар қызын зорлап, оны видеоға түсіргені анықталған.
«Сот Әділхан Сәкеновті 121-баптың 4-бөлігі, яғни қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды», – деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріп.
Анықталғандай, сотталушының жоғары білімі мен жұмысы бар, ресми түрде некеде болмаған. Үкімді жариялаған кезде Сәкенов ешқандай эмоция білдірмеген.
Сонымен қатар, Сәкенов Мұсабаеваға, яғни оның 8 жасар қызының заңды өкіліне моральдық зиян келтіргені үшін 3 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
-

Петропавлда жыл басынан бері 10 адамды үсік шалды
Емдеу мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаралғандардың жартысы көшеде жарақаттанған. Мәселен өткен демалыс күндері 60 адам дәрігер көмегіне жүгінді. Әр екінші адам көшеде жарақат алған, оның ішінде құлап аяқ-қолын сындырғандар да, сіңірін созып алғандар да бар. 29 адам тұрмыстық, бір адам спорттық жарақат және бір адам күйік алды. Ит қапқан бір тұрғынға да дәрігер көмегі көрсетілді.
Травматология бөлімі 80 науқасқа шақталса, қазір мұнда 50 адам ем алып жатыр.
– Петропавлда тұрамын. Абайсызда екі аяғымды үсітіп, ауруханаға түстім. Қазір қажетті ем-домды алып жатырмын, – дейді Оразбай Айтмұхамбетов.
Қаңтар айы жылы болып, қатты аяз болмаса да жыл басынан бері 10 адамды үсік шалған. Осы аралықта 136 адам стационарлық ем алды.
-

Петропавлда алғашқы қар жауды: полиция жолда сақ болуды ескертеді
Полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы климаттың өзгеруіне байланысты ауа райын мұқият бақылап отыруды және жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескертеді.
Қысқы дөңгелектерге ауысуды уақытылы жоспарлаған жөн.Көктайғақ кезінде апаттың қаупін азайту үшін аса маңызды екі кеңесті ұстанған абзал: қозғалыс жылдамдығын азайту және алда кетіп бара жатқан көлікке дейінгі арақашықтықты ұлғайту.
Бұл жол-көлік оқиғасы туындауы мүмкін жағдайда шұғыл шешім қабылдау үшін уақытты ұтуға көмектеседі.
«Жолда жаяу жүргіншілерден де аса сақтық таныту талап етіледі. Қар жауып, мұз пайда болған уақытта көлік құралдарының тоқтауы қиындайды. Жаяу жүргіншілер өткеліне шыққан кезде жүргізушілердің жол беріп жатқанына көз жеткізіңіз. Ересектер балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін қосымша түсіндіруі қажет», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.
Соңғы 12 сағат ішінде СҚО-да жол-көлік оқиғалары тіркелмеді. Жолдағы жағдай тұрақты.