Метка: Полиция қызметкері

  • Полицей қызметкері КНБ және Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстаған сәтте қашуға тырысқан

    Полицей қызметкері КНБ және Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстаған сәтте қашуға тырысқан

    Түркістан облысында полиция қызметкері қашуға әрекеттенген сәтте ұсталды, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    «Президентке хаттар» Telegram арнасының мәліметінше, Созақ аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі 200 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл соманы тіркелмеген аңшылық қаруды сақтау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін сұраған. Тінту кезінде оның қолынан 190 мың теңге тәркіленді.

    Ұстап алу операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы бірлесіп жүргізген. Күдікті қашуға тырысқанымен, дер кезінде тоқтатылған.

    Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
    «Тәртіптік комиссия шешімімен ол теріс себеппен ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар өзге де жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», — делінген хабарламада.

    Ведомство өз қатарын адал емес қызметкерлерден тазарту және қызметтік тәртіпті нығайту шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    Бұған дейін еліміздің Батыс Қазақстан облысында Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы мен көші-қон қызметкері ұсталған болатын. КНБ бұл факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

  • Алматыда адам азаптағаны үшін​ полиция қызметкерлері сотталды

    Алматыда адам азаптағаны үшін​ полиция қызметкерлері сотталды

    Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаптауды қолданған екі полиция қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

    Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерді. 2023 жылы 29 наурызда кінәлі полиция қызметкерлерінің туысының пәтерінде, жеткізілген азаматқа қатысты оған бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату мақсатында азаптаулар қолданылғаны дәлелденді.

    Полицияның заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

    Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сотталғандар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енді. Прокуратураның ұсынуы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың жоқтығы және қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

     

  • Астанада полиция қызметкері жаттығу залында көз жұмды

    Астанада полиция қызметкері жаттығу залында көз жұмды

    Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде полицей қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. Полиция мәліметінше, ер адам жаттығудан кейін залдың шығаберісінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған.

    «Жедел жәрдем мамандары реанимациялық шаралар жасаған. Бірақ олар полицейдің өмірін құтқарып қала алмаған. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі – миокард инфарктісі. Қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген хабарламада.

    Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полицейдің отбасына көңіл айтты.

  • Тоқаев қайтыс болған полиция қызметкерін марапаттады

    Тоқаев қайтыс болған полиция қызметкерін марапаттады

    Алматы облыстық патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы, аға лейтенант Шалқар Байжомартовты президент ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.

    Қаза тапқан қызметкердің марапатын ішкі істер министрінің орынбасары Айдын Сейтбеков әкесіне табыстады. Ол оған көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың батырлығын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін тілге тиек етті.

    «Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күрес пен тәртіпті қамтамасыз етуде әрқашан да алда жүреді. Шалқар өз өмірі үшін өз қызметіне адал екенін дәлелдеді», – деді Айдын Сейтбеков.