Метка: Пошта

  • АҚШ-тан есірткі жеткізген күдікті 16 жылға сотталды

    АҚШ-тан есірткі жеткізген күдікті 16 жылға сотталды

    Ақмола көлік прокуратурасы және Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ел аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдап жатыр.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды.

    – «Қазпошта» АҚ Астана қаласындағы кедендік бақылау аймағында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді.

    Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды, – деп жазды Бас прокуратурадан.

    Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды. Оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

     

  • Алматыға поштамен келген дәрінің ішінен есірткі шықты

    Алматыға поштамен келген дәрінің ішінен есірткі шықты

    Алматыда шетелден жеткізілген «аквамариус» дәрісінің қорпшасынан есірткі салынған сәлемдеме табылды.

    Есірткі поштаның қауіпсіздік қызметі мамандарының көмегімен анықталды.

    «Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

    ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.