Метка: Президент сайлауы

  • Грекияда жаңа президент сайланды

    Грекияда жаңа президент сайланды

    Грекия парламенті «Жаңа демократия» билеуші консервативті партиядан кандидат, парламенттің бұрынғы спикері Константинос Тасуласты президент етіп сайлады.

    К. Тасуласты сайлау биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың құзіреті 13 наурызда аяқталуына байланысты парламентте төртінші рет дауыс беру арқылы өтті.

    Болашақ президент 160 дауыс жинады. Дауыс беруге парламенттің 300 мүшесінен 276-сы қатысты. Кандидат 151 дауыс жинағаны белгілі болды. Парламенттегі 300 орынның 156-сы билеуші «Жаңа демократия»партиясының депутаттарына тиесілі.

    Президентті ұлықтау рәсімі биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың билеу мерзімі бітетін күн – 13 наурызға жоспарланған.

  • Тоқаев жетінші рет президент болған Лукашенконы құттықтады

    Тоқаев жетінші рет президент болған Лукашенконы құттықтады

    Беларусьте өткен сайлау нәтижесі бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 87,6% дауыспен жеңіске жетті.

    Бұл деректер Беларусь жастар ұйымы комитетінің экзит-полл нәтижесінен алынған. Сайлауда 5 үміткер қатысқан. Либералды-демократиялық партияның жетекшісі Олег Гайдукевичке тек 1,8% сайлаушы дауыс берген, Анна Канопацкаяға – 1,6%, ал Лукашенкоға 87,6% дауыс берілген. Сергей Сыранков 2,7% дауыспен, Александр Хижняк 1,2% дауыспен, «бәріне қарсы» дегендер 5,1% көрсеткішке ие болды.

    Сауалнама 320 сайлау учаскеде жүргізілген және оған 11 948 адам қатысқан. Сайлау нәтижелері бойынша алдын ала мәлімет Орталық сайлау комиссиясы 27 қаңтар күні түнде жариялайтынын мәлімдеді. Беларусь Орталық сайлау комиссиясы сайлауға халықтың 85,7% қатысқанын жеткізді.

    70 жастағы Александр Лукашенко бұл сайлауды өзі президент болып отырып, жетінші рет өткізуде. Ол 1994 жылдан бері елді басқарып келеді.

    Ақорданың хабарлауынща, Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, Беларусь президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтаған. Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылаған.