Метка: прокуратура

  • Ақтөбе тұрғыны ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған

    Ақтөбе тұрғыны ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған

    Ақтөбе облысының прокуратурасы әлеуметтік желі арқылы ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатқысы келген азаматты анықтап, оны қолға түсірді.

    Дереккөзге сүйенсек, «Е» есімді азамат әлеуметтік желіге хабарландыру беріп, ағзасының бірін 9 млн теңгеге бағалаған.

    «25 қыркүйек күні прокурорлар Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірге ол адамды қолға түсірді. Қылмыстық кодекстің 116 бабы бойынша тергеу басталды», – деп хабарлайды прокуратура.

  • Қостанайда үйі жоқтардың мекемесін басқарған басшының ісі сотқа жолданды

    Қостанайда үйі жоқтардың мекемесін басқарған басшының ісі сотқа жолданды

    Қостанай облысының прокуратурасы Бюджет қаражатын жымқыру туралы іс сотқа жолданды.

    «Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жасады.
    Тергеу барысында 2017 жылдың қазан айынан 2024 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде «Қостанай қалалық тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдарды әртүрлі лауазымдарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды», — делінген Қостанай облысы прокуратурасының хабарламасында.

    Ведомствоның ақпаратына сәйкес,  жұмыспен қамтылғандар жұмыс орындарына іс жүзінде келмеген, функционалдық міндеттерін орындамаған, ал басшы олардың шоттарына жалақы түрінде түскен ақшалай қаражатты иемденген.

    Күдіктінің заңсыз әрекеті нәтижесінде мемлекетке 11 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

    Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1), 2) тармақшасы бойынша сараланған (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамға теңестiрiлген адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi қызмет бабын пайдалана отырып, iрi мөлшерде жымқыруы).

    Жоғарыда көрсетілген баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Қылмыстық істі Қостанай қаласының № 2 соты қарайды.

  • Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысында 39 млн теңгенің тендері заңсыз деп танылды

    Маңғыстау облысының прокурорлары 39 млн теңгеге
    мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

    Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күші жойылды.

    «Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі мен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады»,- делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтындағы хабарламада.

    Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.

  • «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС 250 МЛН ТЕҢГЕНІ ЗАҢСЫЗ ЖҰМСАМАҚ БОЛҒАН

    «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС 250 МЛН ТЕҢГЕНІ ЗАҢСЫЗ ЖҰМСАМАҚ БОЛҒАН

    «Алматыэлектротранс» ЖШС 250 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған. Құйтырқы әрекетті шарт жасау барысында жүзеге асырған. Дау міндетті сақтандыру шартына қатысты. Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, заң жүзінде олар шартты мемлекеттік сатып алу порталына қатысу арқылы жүзеге асыруы тиіс еді. Бірақ, талапты орындамай, қағаз түрінде заңсыз жасаған. Міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды. 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекетке қайтарылды

    «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекетке қайтарылды

    Мұны Қарағанды облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz.

    2023 жылғы 12 шілдеде Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.

    Негізгі міндеттер заңсыз алынған мүлікті анықтау және мемлекетке қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және мүлікті заңсыз алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.

    Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңгені құрайтын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды.

    Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

    Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданатын болады.