Метка: қамауға алынды

  • Белгілі видеограф 13 жасар баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынды

    Белгілі видеограф 13 жасар баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынды

    Маңғыстау облысында танымал видеограф кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ол бұған дейін жергілікті пабликтер мен Ақтау әкімдігі үшін видеороликтер түсіріп жүрген. Әлеуметтік желілерде оның аккаунттары бірнеше апта бұрын жоғалып кеткені айтылды, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz- ке сілтеме жасап.

    Кейін оның таныстары видеографтың шағым бойынша ұсталғанын хабарлады. Айтуларынша, арызды видео түсіруді үйреніп жүрген балалардың ата аналары түсірген.

    Полиция деректі растады. 4 қарашада құқық қорғау органдарына ресми шағым түскен. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті анықталып ұсталды. Сот қаулысымен ол екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалды.

    Тергеу жалғасып жатыр. Полицейлер барлық процессуалдық шараларды толық көлемде жүргізуде. Шағымдағы ақпарат тексеріліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен бала он үште, күдікті жиырма тоғыз жаста.

  • Алматыда «қарумен» жол үстінде жанжал шығарған жүргізуші қамауға алынды

    Алматыда «қарумен» жол үстінде жанжал шығарған жүргізуші қамауға алынды

    Алматыда жол қозғалысы кезінде қолына қаруға ұқсас зат ұстап шыққан жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға қалай болды

    Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада оқиғаның Құлжа трактісінде болғаны көрсетілген. Жүргізушілердің айтуынша, Toyota Prado көлігін тізгіндеген ер адам алдымен жолды бірнеше рет қауіпті жағдайда орап өтіп, қарсы көліктің жүрісіне кедергі келтірген. Жәбірленуші тоқтап, мән-жайды білмек болғанда, күдікті көлігінен түсіп, қолына пистолетке ұқсайтын зат алып шыққан.

    Полицияның түсініктемесі

    Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында жүргізушінің қолындағы заттың шын қару емес, пистолетке ұқсас оттық екені анықталды.
    «Аталған азамат бірден ұсталып, оның әрекеттері ‘ұсақ бұзақылық’ бабына сәйкес келетіндігі анықталды», – деп мәлімдеді полиция.

    Сот шешімі

    Арнайы әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.

    ? Полиция тұрғындарды жол үстінде арандатушылыққа берілмеуге және кез келген күдікті жағдайларды дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.