Метка: Қанат Шарлапаев

  • Қанат Шарлапаев отставкаға жіберілді

    Қанат Шарлапаев отставкаға жіберілді

    Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

    Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылып, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

    Бұл туралы Ақорданың хабарламасында:

    «Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген.

    Шарлапаев 2023 жылдың 4 кыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып қызмет атқарған.

  • 50 мыңнан аса қазақстандық жалға берілген үйді жекешелендіре алады

    50 мыңнан аса қазақстандық жалға берілген үйді жекешелендіре алады

    Елімізде 50 мыңнан аса қазақстандыққа жалға берілген үйді жекешелендіруге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

    Оның айтуынша, тұрғын үй саясатын реформалау шеңберінде, жергілікті атқарушы органдардың есепке қою және үйлерді бөлу функцияларын Ұлттық даму институты – Отбасы банкіне беруді көздейтін заң қабылданған. Бұл саясат үй алуды қолжетімді еткен.

    Тұрғын үйді бөлу, тіркеу күніне, және табыс деңгейіне байланысты іске асырылады. Бұл, алдымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұратын азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Бұл норма биыл 4 желтоқсанда күшіне енді. Нәтижесінде 50 мыңнан астам азамат баспаналы болады. Жалпы реформалау бойынша қарастырылған жаңа өзгерістер 2025 жылдың мамыр айында күшіне енгелі отыр, – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

  • Жеңілдетілген автонесие қайтадан беріле ме?

    Жеңілдетілген автонесие қайтадан беріле ме?

    Қазақстан үкіметі жеңілдетілген автонесие мәселесін бір жарым жыл бұрын жапқан, қаражат тек қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.  Министрдің айтуынша, жеке тұлғалар үшін автокөлікті сатып алу құқығымен жалға алу тетігі енгізіледі.

    «Бұл жерде біз дұрыс шешім қабылдадық деп санаймын. Жеңілдікпен несиелеуге ешкімнің ешқашан көңілі толмайды. Бұл түсінікті де, себебі адам тым көп, ал оған жұмсауға болатын ақша тым аз. Автокөлік өндірушілер де, қаржы нарығы да бір орнында тұрмайды. Үкімет автокөлік сатып алуды жеңілдету үшін жеке тұлғаларға арналған лизинг енгізу туралы түзетуді заңнамалық деңгейде қолдады», — деді Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

    Сондай-ақ, оның айтуынша, көлік сатумен айналысатын компаниялардың өздері түрлі қаржылық құралдар енгізіп, көлікті бөліп төлеу арқылы сатып жатыр. Ал жеңілдетілген автонесиелеуге бағытталған қаражат өңірлерде қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалды.

    «Мен бұл позицияны дұрыс деп есептеймін. Автокөліктерге жеңілдікпен несие бергенше, біз қоғамдық көліктің сапасын жақсартып жатырмыз. Жеңілдетілген несиелеу мәселесін біз бір жарым жылдан астам уақыт бұрын жапқанбыз. Ақша тек қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалады», — деді ол.