Метка: Қаңтар оқиғасы

  • Қаңтардағы қарулар тәркіленді: Алматы облысында бес тұрғын қолға түсті

    Қаңтардағы қарулар тәркіленді: Алматы облысында бес тұрғын қолға түсті

    5 қыркүйекте құқық қорғау органдары Алматы облысының бес тұрғынын ұстады. Олар Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды жасырған, деп хабарлайды Sona.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 1 қыркүйектен бастап ел бойынша жүргізілген тексерістер барысында 12 қару-жарақ пен оқ-дәрі жасырылған орын табылды. Сонымен қатар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар тәркіленді.

    «Заңсыз айналымда Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған алты қару түрі, сондай-ақ полицияның арнайы жабдықтары — қызметтік бронежилет пен каскалар болды», – деді Қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

  • Қаңтар кезінде археологты өлтірген подполковник 7 жылға сотталды

    Қаңтар кезінде археологты өлтірген подполковник 7 жылға сотталды

    Алматы гарнизоны әскери сотының жабық сот отырысында ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану айыбы тағылған Айтжан Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Сот мәліметіне сәйкес, айыпталушы биліктің өкілі бола отырып, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс әрекеттер жасаған. Әубәкіров іс-әрекетінің нәтижесі екі жәбірленушінің өліміне алып келген.

    Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады.

    – Сотталушының кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан айырылды және жәбірленушінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық залал өндірілді, – деп хабарлады соттан.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

     

  • 15 жылға сотталған Руслан Ысқақов аштық жариялады

    15 жылға сотталған Руслан Ысқақов аштық жариялады

    ҰҚК-ның бесінші департаментінің басшысы Руслан Ысқақов аштық жариялады. Бұл туралы оның адвокаты Евгений Яворский:

    «Қоғамға жариялағым келіп тұрған ақпарат. Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Серікұлы Көкшетау қаласының түрмесіне түскеннен кейін, аштық жариялады. 28 қаңтардан 3 ақпанға дейін ол осы күйде отыр. Адамдар бұндайды жайдан-жай жарияламайды, бір себептер бар. Құзырлы органдардан Русланның не үшін бұндай қадам жасағанын білуін сұраймын.Оны бұндай жағдайға не итермелегенін білу – біз үшін маңызды», – деді адвокат.  

    Айта кетейік, 27 қаңтар күні Руслан Ысқақов Арман Жұмагелдиевке жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруын қолдағаны үшін айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • «Қалаулымнан» шыққан Бердах Бекетов 7 жылға сотталды

    «Қалаулымнан» шыққан Бердах Бекетов 7 жылға сотталды

    Алматыда қаңтар оқиғаларына қатысты айыпталушыларға үкім оқылуда, олардың арасында «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы болған Бердах Бекетов 7 сотталды. 

    Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасында «жаппай тәртіпсіздік жасады» деп айыпталып, 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұсталып, қамауға алынды. Оған «Жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Сот үкімімен бірнеше бап бойынша 7 жылға сотталды.

    Бердах Бекетов тергеу изоляторында отырып үш рет хат жазған. 25 қаңтардағы хатында прокурорлар сөзін тыңдамай жатқанын, азаптау көріп жатқанын жазып, көпшіліктен араша болуды сұраған.Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа кінәсіздігі жайлы хат жазып, араша болуын сұраған.

  • Қаңтар оқиғасы: Прокурор Викрам Рузухуновты азаптағандарға 3 жыл сұрады

    Қаңтар оқиғасы: Прокурор Викрам Рузухуновты азаптағандарға 3 жыл сұрады

    Қаңтар оқиғасы кезінде 99 Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан азаматтарын азаптаған полиция қызметкерлеріне 26 желтоқсандағы кезекті сот отырысында прокурор Арыстан Әликенов сот алқасынан жаза сұрады. 

    Еске салар болсақ, 2022 жылдың 7 қаңтарында ҰҚК шекара қызметінің басшылығы Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар адамдарды іздеу операциясын ұйымдастырды. Сол күні әскерилер Алматы-Бішкек тас жолында бақылау-өткізу бекетін орнатып, 99 адамды: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарын ұстады. Олардың арасында Викрам Рузухунов та бар.

    Барлығы Қошмамбет ауылындағы сол кезде пайдалануға берілмеген, ресми түрде жұмыс істемейтін арнайы әкімшілік құқық бұзғандарды ұстайтын абақтыға жеткізілді. Зардап шеккендердің айтуынша, ол жерде су да, жылу да болмаған.

  • Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы іздеуде жүр

    Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы іздеуде жүр

    ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов бес күннен бері іздеуде жүр. Ол жайлы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика порталында жарияланды.

    Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Оны ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізіп жатыр. 

    Қылмыстық істің не үшін қозғалғаны әлі де белгісіз. Азамат Қапенов Мәсімовтың үлкен қызының күйеуі болған. Қаңтар оқиғасынан кейін олар активтерін жасырып қалу үшін құжат бойынша ғана ажырасқан.

    Сондай-ақ күйеу баланың Ресейде де іздестіріліп жатқаны мәлім болды.