Метка: қақтығыс

  • Тайланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыстар қайта басталды

    Тайланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыстар қайта басталды

    8 желтоқсан күні таңертең Тайланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыстар тіркелді. Сағат шамамен 08:30-де камбоджиялық күштер тай елді мекендерінің біріне қарай бірнеше зымыран атқаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта жараланғандар немесе қираулар туралы ресми мәлімет жоқ, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Тай тарапының хабарлауынша, атқылауға жауап ретінде авиация Камбоджа әскери бөлімшелерінің оқ ату позицияларына соққы берген. Авиасоққының салдары мен көлемі туралы нақты деректер әзірге жарияланбады.

    Шекаралық аймақтардағы жергілікті билік тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды және шиеленіс аймақтарына жақындамауды ескертті. Екі елдің әскери құрылымдары ресми түсініктеме беруден уақытша бас тартып отыр.

    Жағдайға қатысты қысқаша мәлімет

    Екі мемлекет арасындағы жағдай биыл мамырда даулы аумақта болған қарулы жанжалдан кейін күрт нашарлаған болатын. Ол қақтығыста камбоджиялық әскери қызметкер қаза тапқан еді. Сол кезден бері шекара бойында уақыт сайын ахуал ушығып, кішігірім қақтығыстар қайталанып келеді.

    Даулы аймақты демаркациялау жөніндегі келіссөздер бірнеше рет кейінге шегерілген. Сарапшылардың пікірінше, мәселенің түпкі себебі – екі ел де таласып отырған учаскелердің мәртебесі.

    Қазіргі таңда жараланғандар мен материалдық шығын туралы нақты ақпарат жоқ. Екі елдің дипломатиялық қызметтері тұрақты байланыс режимінде жұмыс істеп жатыр.

  • Тайланд 14 азаматының Камбоджамен шекарадағы қақтығыста қаза тапқанын растады

    Тайланд 14 азаматының Камбоджамен шекарадағы қақтығыста қаза тапқанын растады

    25 шілде, жұма күні таңертең Тайланд пен Камбоджа шекарасында қайтадан артиллериялық атыстардың дыбысы естілді. Бұл туралы Таиландтың Ұлттық телерадиохабар тарату қызметі хабарлады.

    Тайланд Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлім еткендей, жергілікті уақытпен бейсенбі, 21:00-дегі жағдай бойынша шекара маңындағы әскери қақтығыстар салдарынан 14 тай азаматы қаза тауып, тағы 46 адам жараланған.

    Билік халықты шекара маңындағы аудандарға барудан бас тартуға шақырып отыр.

    Еске салайық, 23 шілдеде шекара маңында мина жарылып, бірнеше тай сарбазы жараланған болатын. 24 шілдеде екі елдің шекарашылары арасында атыс болып, бейбіт тұрғындар арасында да құрбандар тіркелді.

    Камбоджа БҰҰ-ны шұғыл отырыс өткізуге шақырды.