Метка: Қарақшы

  • Алматыда дүкендегі қарақшылық шабуыл ашылды

    Алматыда дүкендегі қарақшылық шабуыл ашылды

    Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қарақшылық шабуылды ашты. Қылмыс қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде жасалған. Белгісіз ер адам әйелге күш қолдану арқылы шабуыл жасап, оған дене жарақатын келтіріп, алтын әшекейін ашық түрде тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Sona.kz almaty_ police_departament-несілтеме жасап.

    Жәбірленушіге уақытылы медициналық көмек көрсетілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    Алматы қалалық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияровтың айтуынша, күдіктінің қысқа мерзімде ұсталуына жедел және үйлесімді әрекеттер ықпал еткен.

  • Алматыда кәсіпкердің үйіне қарақшылықпен кіргендер ұсталды

    Алматыда кәсіпкердің үйіне қарақшылықпен кіргендер ұсталды

    Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық шабуылды ашты. Бұл туралы Sona.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыс алдын ала жоспарланған. Үш күдікті кәсіпкердің үйіне баса-көктеп кірген. Сол сәтте үй иесі, оның жұбайы және баласы үйде болған. Қаскөйлер отбасы мүшелерін байлап, өлтіреміз деп қорқытып, құнды заттар сақталған сейфтің орнын көрсетуді талап еткен.

    Күдіктілер сейфтен ірі көлемде ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 500 миллион теңгені құрады.

    Оқиғаға байланысты дереу жедел-іздестіру шаралары басталды. Қысқа мерзім ішінде қылмысқа қатысы бар күдіктілердің тұлғалары анықталып, ұсталды.

    «Криминалдық полицияның үздік қызметкерлерінің жұмылдырылуы арқасында қарақшылық шабуылға қатысы бар үш күдікті ұсталды. Олардың қолынан заттай дәлелдер алынды. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

    Оның айтуынша, операция қылмыстың ауыр сипатына және келтірілген шығынның ірі көлеміне байланысты ерекше назарда болды.

    Аталған факті бойынша ҚК-нің «Қарақшылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  • Саран қаласында қарақшы сатушы әйелді пышақтап өлтірген

    Саран қаласында қарақшы сатушы әйелді пышақтап өлтірген

    Қарағанды облысының Саран қаласында сатушы әйел қарақшының қолынан қаза тапты. Әлеуметтік желіде қылмыс болған сәттің видеосы тарады.

    Дереккөзге сүйенсек, дүкенді тонамақ болған ер адам 27 жастағы сатушы әйелге тап берген. Сатушы қарақшыға қарсылық танытып, оны дүкеннен қуып шықпақ болған. Алайда, камуфляж киіп, бетін бүркелеген ер адам оны бірнеше рет пышақтап, артынша кассадан ақша алып, ізін жасырған.

    Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлағандай, күдікті әлі қолға түспеген.

    «Күдікті адамды анықтап, оны ұстау үшін облыстың жеке құрамы түгел бағытталды. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары өтіп жатыр Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)