Метка: Қашықтан оқу
-

Қазақстанның жеті өңірінде ЖРВИ салдарынан 1469 сынып қашықтан оқуға ауыстырылды
Қазақстанның бірнеше аймағында жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) таралуы күшейіп, мектептердің жекелеген сыныптары уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенованың айтуынша, бүгінгі таңда 132 мектептегі 1469 сынып онлайн форматқа өтті, деп Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.Онлайн оқуға ауысқан өңірлер:•Астана қаласы – 24 мектеп, 182 сынып•Абай облысы – 21 мектеп, 276 сынып•Шығыс Қазақстан облысы – 57 мектеп, 204 сынып•Жамбыл облысы – 14 мектеп, 598 сынып•Қостанай облысы – 12 мектеп, 168 сынып•Ақмола облысы – 3 мектеп, 21 сынып•Қарағанды облысы – 1 мектеп, 20 сыныпҚашықтан оқыту критерийлері:1.Егер сынып оқушыларының 20%-ы ауырса, кабинет ауыстыру жүйесі тоқтатылады, сабақтар бір кабинетте өткізіледі.2.Егер бір инкубациялық кезең ішінде 30%-дан астам оқушы келмесе, сынып толық онлайн оқытуға жіберіледі.Эпидемиологиялық ахуалВице-министр Тимур Сұлтанғазиевтің мәліметінше, 2025 жылғы эпидмаусым басталғалы 1,5 млн ОРВИ жағдайы тіркелген. Оның 65–66%-ын – балалар, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 млн жағдай анықталған.Бұған дейін Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да аурушаңдық өсіп, сыныптардың бір бөлігі дистанциялық форматқа көшірілген болатын. -

Бүгін Астана мектептерінде бірінші ауысым қашықтықтан білім алады
«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 9 желтоқсанында бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқу форматына көшеді», — деп жазды Астана қаласының Білім басқармасынан.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖД алматылықтарға ескерту жасады.
-

Бірнеше өңірде мектептер онлайн режимге ауысты
Қарағанды облысының білім басқармасы 7 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым 0-11 сынып оқушыларының, 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқуға көшірілетінін және Балқаш пен Приозерск қалалары штаттық форматта оқитынын хабарлады.
Ақмола облысында онлайнға кеткен мектептер: 1 ауысым 0-11 сыныптар: Астрахан, Атбасар, Шортанды, Ақкөл, Жақсы, Ерейментау, Есіл аудандарындағы қала мектептері, Жарқайың ауданының мектептері, Сандықтау ауданының 2 мектебі.
0-9 сыныптар: Қосшы қаласы, Целиноград, Степногорск қаласы, Егіндікөл, Біржан сал, Аршалы аудандары.
1-4 сыныптар: Көкшетау қаласы, Зеренді ауданы.
Павлодар облысында 7 қарашада бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-11 сынып оқушыларының және 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқу форматына ауыстырылады.