Метка: Қатар

  • Қазақстандықтар Қатарда заңды түрде жұмыс істей алады

    Қазақстандықтар Қатарда заңды түрде жұмыс істей алады

    Қазақстан мен Қатар арасында қазақстандық азаматтардың Қатар аумағында жұмысқа орналасуын реттейтін келісім ресми түрде күшіне енді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq ruhy-на сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, Қатардың Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық арналар арқылы келісімнің орындалуына қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны жөнінде ресми хабарлама жолдаған.

    Келісімге сәйкес, енді қазақстандық азаматтар Қатарда заңды, ашық әрі қауіпсіз шарттармен жұмыс істей алады. Сондай-ақ олардың еңбек және әлеуметтік құқықтары толық қорғалатын болады.

    Министрлік атап өткендей, Қатардағы жұмыс берушілер ұсынатын барлық бос жұмыс орындары migration.enbek.kz порталында жарияланады. Бұл қазақстандықтардың шетелде жұмысқа орналасу процесін ашық әрі бақылауға мүмкіндік береді.

  • Қатар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды

    Қатар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды

    Қатарлық инвесторлар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды. Бүгін Сенатта тиісті заң жобасы мақұлданды.  Құжат екі елдің телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия және басқа да салалардағы бірлескен жобаларын іске асыруға, сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақты нығайтуға арналған. Жалпы, 9 ауқымды жоба жүзеге асырылады. Соның арасында «Bereke Bank» АҚ-ның 100% акцияларын сату да қарастырылған. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 14 мың, ал іске қосылған соң 3 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Тиісінше, Қатар инвесторларына салықтық жеңілідктер берілмек.