Метка: Қатерлі ісік

  • Елімізде 83,7 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алды

    Елімізде 83,7 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алды

    Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинаны 11-13 жас аралығындағы 83,7 мыңнан астам қыз алды. Қазан айынан бастап инфекциялық және онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша ұлттық бағдарлама аясында АПВ-ға қарсы ауқымды вакциналау науқаны басталды. Бұл вирус жатыр мойны обыры сияқты бірқатар онкологиялық аурулардың дамуына ықпал ететін ең кең таралған вирустардың бірі саналады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

    Жатыр мойны обыры Қазақстанда әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Әсіресе, 25-44 жас аралығындағы фертильді жастағы әйелдер арасындағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып табылады. Ұлттық канцер тіркелімінің мәліметінше, жыл сайын елде ЖМО-ның шамамен 2000 жағдайы анықталып, 600-ден астам әйел қайтыс болады. ҚазОРҒЗИ жүргізген зерттеулерде жатыр мойны обырының 74,2%-ында биопсия материалынан АПВ-ның 16 және 18 онкогендік түрлері табылған.

    «Екпе ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің келісімімен мектептердің медициналық кабинеттерінде жасалады. Сондай-ақ, ата-аналардың өтініші бойынша вакцинация тіркелген емханаларда да жүргізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін ешқандай жағымсыз әсер тіркелмеген. Вакцинаның жатыр мойны обырының алдын алудағы жоғары тиімділігі АҚШ, Аустралия, Канада, Дания, Швеция, Финляндия, Шотландия сияқты елдерде дәлелденген», — делінген хабарламада.

  • Онкологияға шалдыққан науқастарға қосымша 25 млрд теңге бөлінеді

    Онкологияға шалдыққан науқастарға қосымша 25 млрд теңге бөлінеді

    Онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлінеді. Депутаттың айтуынша, бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға бөлінетін қаражатты 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болған.

    Алайда біз бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгіздік. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жемісті жұмысымыздың арқасында онкологиялық науқастарды емдеуді қаржыландыру үшін қосымша 25 миллиард теңге бөлу туралы түзетуіміз қолдау тапты. Бұл – өте қуанышты және маңызды жаңалық, – деп жазды депутат.

    Айтуынша, Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығы құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсыныс та қабылданды.

    Қазір Орталық Азияда протондық терапия орталығы жоқ, сондықтан біздің пациенттер қымбат ем алу үшін шетелге баруға мәжбүр. Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады, – деді Аймағамбетов.

    Айта кетейік, елімізде қыркүйекте 11-13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина салу басталды. Мамандардың айтуынша, АҚШ-та өндірілген вакцина АПВ-ның 4 түріне қарсы қуатқа ие. Бұл жатыр мойны обырының алдын алу үшін жасалып жатқан шара. Ел бойынша 175 мың жасөспірім қызға вакцина салынуы керек.