Метка: қайтарылған активтер

  • Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

    Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

    Павлодар облысында медициналық нысандар салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

    Қаражат Екібастұз, Ақсу қалалары ауылдық округіндегі, сондай-ақ Ертіс, Железин, Тереңкөл ауданындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

    Екібастұз ауылдық округінің Бәйет ауылында 1983 жылы пайдалануға берілген жалғыз ФАП орнына фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр. Ескі ғимарат жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бүгінде елді мекенде 822 адам тұрады.

    «Ертіс ауданында дәрігерлік амбулатория ашылады. Нысан санитарлық талаптар мен нормаларға сай жабдықталады. Аудандағы медициналық пункт мыңнан астам тұрғанға қызмет көрсетеді.

    Қолданыстағы денсаулық сақтау нысандарының шалғай орналасуына байланысты Мыңкөл, Ивановка және Құркөл ауылдары да жаңа медициналық нысандар салуды қажет ететін елді мекендер тізіміне енгізілген. Оларға ең жақын аудандық емхана 18 шақырымнан 115 шақырымға дейінгі қашықта орналасқан. Ауылдарда тұрғылықты жері бойынша медициналық қызмет көрсететін жаңа медициналық пункттер салынады.

    Павлодар облысының елді мекендерінде 168 мыңнан астам тұрғын бар. Жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жұмыс істеп тұрған ұйымдарға түсетін жүктемені азайтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – делінген Үкімет хабарламасында.

  • Қайтарылған активтер: Жетісуда жаңа мектеп салуға 1,4 теңге бөлінді

    Қайтарылған активтер: Жетісуда жаңа мектеп салуға 1,4 теңге бөлінді

    Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан облыстың Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп құрылысын бастамақ.

    Қазіргі уақытта елді мекенде бір мектеп жұмыс істейді, онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Бұл ретте оқу орнында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі мәселесін және мектепте орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 тұрғын бар.

    Бүгінгі таңда Үкімет арнайы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық жәрдем стансасы бар. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізілуде.

  • Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен спорт кешені салынады

    Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен спорт кешені салынады

    Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде іске асырылуда. Президенттің тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордағы қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталады.

    Спорт кешені жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарына және жарыстар өткізуге арналған. Жобада бокс, күрес және басқа да спорт түрімен айналысуға арналған бірнеше зал қарастырылған.

    2024 жылы Қазақстанда барлығы 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде. Бұдан басқа, Үкімет 2025 жылдың соңына дейін спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу бағдарламасын іске асыруда: 113 жаңа нысан салу және жұмыс істеп тұрған 26 спорт мекемесін реконструкциялау жоспарлануда.

    Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның ішінде біреуі музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша бар.

    «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.