Метка: Қаза

  • Ақтөбеде әйел мен оның үш баласы қаза тапты

    Ақтөбеде әйел мен оның үш баласы қаза тапты

    Ақтөбе қаласында әйел мен оның үш баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды Sona.kz өңірдің полиция Департаментіне сілтеме жасап.

    Оқиға 9 ақпан күні шамамен сағат 12:00-де қаланың жеке тұрғын үйлерінің бірінде тіркелген.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар  1993 жылы туған әйел және оның кәмелетке толмаған үш баласы.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өлім табиғи газдан улану салдарынан болуы мүмкін.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.

    Мамандар барлық мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық және өзге де сараптамалардың нәтижелерін күтуде.

    Қайтыс болудың нақты себептері сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

    Оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жарияланбай отыр

  • Шымкентте жаппай төбелес пен пышақтасу салдарынан ер адам қаза тапты

    Шымкентте жаппай төбелес пен пышақтасу салдарынан ер адам қаза тапты

    Оқиға 20 қаңтар күні Еримбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігі бағдаршамның қызыл шамында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан. Hyundai көлігін 34 жастағы қала тұрғыны Н. Ешанқұлов басқарған, деп хабарлайды Sona.kz Криминальный Казахстанға сілтеме жасап.

    Жол апатынан кейін тараптар арасында жанжал туындап, Toyota Camry көлігіндегілерге Lexus LX 570 автокөлігімен келген тағы төрт белгісіз адам қосылған. Ауызша жанжал жаппай төбелеске ұласқан.

    Қақтығыс барысында М. Қошкенбаевтың мойын тұсынан пышақ жарақаты салынып, ол ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ Н. Ешанқұлов пен В. Колесников түрлі дене жарақатын алған.

    Төбелестен кейін белгісіз адамдар В. Колесниковты күштеп Toyota Camry көлігіне отырғызып алып кеткен. Кейін полиция Toyota Camry мен Lexus көліктерін тапты. Тергеу барысында жәбірленушінің ВАЗ-2114 көлігіне ауыстырылып, Ордабасы ауданы бағытында әкетілгені анықталды.

    Шамамен сағат 19:00-де Темірлановка ауылындағы орталық аудандық аурухананың маңынан В. Колесниковтың денесі түрлі жарақаттармен табылды.

    Қазіргі таңда құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар ВАЗ-2114 автокөлігі іздестірілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

  • СҚО-да өрт салдарынан бес жасар қыз бала қаза тапты

    СҚО-да өрт салдарынан бес жасар қыз бала қаза тапты

    Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Ольшанка ауылында болды. Тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан бес жасар қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Sona.kz CHECK-POINT.KZ-ке сілтеме жасап.

    Алдын ала мәлімет бойынша, баланың анасы азаматтық күйеуімен бірге пеш жағып, қонаққа кеткен. Осы уақытта бала үйде жалғыз қалған, ал есік сыртынан құлыпталған. Отбасының бұған дейін қолайсыз отбасы ретінде есепте тұрғаны, ал көршілер баланың жиі қараусыз қалатынын айтқаны хабарланды.

    Құтқарушылар оқиға орнына жеткен сәтте екі пәтерлі тұрғын үйді өрт толық шарпыған, шатыр опырылған. Өртті сөндіруге 35 қызметкер мен 11 техника бірлігі жұмылдырылды.

    Құтқару жұмыстары барысында үйінді астынан баланың мәйіті табылды. Өрттің алдын ала себебі — пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы деп көрсетіліп отыр.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қаза тапқан баланың анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

    Өрт салдарынан үйдің екінші бөлігінде тұрған көршілер де баспанасыз қалды.

  • Ресейдегі «Северсталь» зауытында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты

    Ресейдегі «Северсталь» зауытында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты

    Ресейдің Вологда облысындағы Череповец металлургиялық комбинатының аумағында Қазақстанның екі азаматы қаза тапты. Кәсіпорын «Северсталь» компаниялар тобына кіреді. Қайтыс болғандардың мәйіттері 14 қаңтар күні өндірістік алаңнан табылған, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұмдар мердігер ұйымдарда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

    «Северсталь» компаниясы оқиға орнына жедел және арнайы қызметтердің жұмылдырылғанын хабарлады.

    «Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», — делінген компанияның ТАСС агенттігіне берген мәлімдемесінде.

    Ресей Федерациясының Вологда облысы бойынша Тергеу комитеті оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын растады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

  • Солтүстік Қазақстан облысында өрттен ер адам мен бала қаза тауып, екінші баланы іздестіру жалғасуда

    Солтүстік Қазақстан облысында өрттен ер адам мен бала қаза тауып, екінші баланы іздестіру жалғасуда

    Солтүстік Қазақстан облысының М. Жумабаев ауданы, Майбалық ауылында жеке үйде болған өрттен ер адам мен бала қаза тауып, екінші баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Sona.kz KazTAG-қа сілтеме жасап.

    «11 қаңтар күні кешке ауылда өрт шықты. Өрт сөнген кезде үйде үй иесінің жұбайы мен екі кәмелетке толмаған бала болған. Құтқарушылар үйді тазалау кезінде ер адам мен бір баланың мәйітін тапты. Екінші баланы іздестіру жалғасуда», – делінген хабарламада.

    Оқиға орнында департамент басшылары жұмыс істеп, психологтар үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетуде. Өрт ауданы – 64 шаршы метр. ТЖД қызметкерлерінен 24 адам мен 6 техника бірлігі, сондай-ақ ТОО «Агрофирма» еріктілері қатысқан. Өрттің себептері анықталуда.

    ТЖМ тұрғындарды пештік жылыту, электр және газ жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

  • Астанадағы түнгі клуб маңында 18 жастағы жасөспірім қаза тапты

    Астанадағы түнгі клуб маңында 18 жастағы жасөспірім қаза тапты

    Жаңа жыл алдында Астанада 18 жастағы жас жігіт қайтыс болды. Оқиға BHB Astana түнгі клубының маңында орын алған, деп хабарлайды Sons.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

    Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Пікірлерде қайтыс болған жігіттің Семейден келген бірінші курс студенті екені айтылған. Сондай-ақ, оқырмандар оқиға кезінде жастар арасында сөздік жанжал туып, ол өлімге әкеп соққан төбелеспен аяқталғанын жазды.

    Астана полиция департаменті фактісін растады. Құқық қорғау органдарының дерегінше, түнгі клубтың бірінің маңында жастар арасындағы сөздік жанжал төбелеске ұласып, 18 жастағы азамат алған жарақаттардан қайтыс болған.

    Қылмыстық кодекстің ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Әлеуметтік желі қолданушылары клуб иелерін де жауапқа тартуды талап етіп, мекеменің қауіпсіздік деңгейінің жеткіліксіздігі мен кіре берісіндегі бақылаудың болмауын алға тартып отыр.

    Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары заң бойынша кез келген құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

    Сол түнде Атыраудағы бір барда да келушілер арасында жанжал болып, полиция қылмыстық іс қозғаған. Көз көргендер оқиға кезінде сөздік жанжал төбелеске ұласқанын атап өтті.

  • Көлсай көлдері маңында болған жол апатынан Филиппин азаматы қаза тапты

    Көлсай көлдері маңында болған жол апатынан Филиппин азаматы қаза тапты

    Көлсай көлдері ауданында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ақпаратты туристер тобының жетекшісі растады. Оның мәліметінше, Саты ауылының тұрғынына тиесілі көлік саяхатшыларды Қайыңды көліне қарай алып бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырғаннан кейін көлікті басқара алмай қалған. Автомобиль тайып, аударылған, деп хабарлайды Sona.kz CHECK_POINT.KZ сілтеме жасап.

    Алматы облысы полиция департаментінің деректеріне сәйкес, оқиға 30 қарашада болған. Toyota Sequoia автокөлігінің аударылуы салдарынан Филиппин азаматы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бес жолаушы түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

    Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.

  • Алматы-Бішкек тас жолында жеті адам қаза тапты

    Алматы-Бішкек тас жолында жеті адам қаза тапты

    Қайғылы оқиға халықаралық маңызы бар автожолдың 129-шақырымында түн жарымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Honda Odissei жүргізушісі көлікті басқара алмай, алда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан, деп хабарлайды  Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметі соққының күшті болғанын, салонда болғандардың ешқайсысы аман қалмағанын мәлімдеді. Жеті адам оның ішінде жүргізуші де бар. Оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер жол апатының нақты қалай болғанын анықтау үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр: көліктердің техникалық жағдайы, ауа райы, қозғалыс жылдамдығы және басқа да ықтимал себептер тексерілуде.

    Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жолда, әсіресе түнгі уақытта, сақ болуға және жылдамдықты шектен асырмауға шақырады.

  • Алматы – Өскемен тас жолында болған ірі жол апатында екі адам қаза тапты

    Алматы – Өскемен тас жолында болған ірі жол апатында екі адам қаза тапты

    Алматы – Өскемен автожолының 94-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы Sona.kz Krisp.tdk-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алда келе жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Соққыдан кейін көлік жол жиегіндегі қоршауға ұрылды.

    Осыдан кейін келе жатқан Toyota Estima Changan көлігіне соғылып, инерциямен жол шетінде тұрған тіркемеге барып соқты.

    «Күшті соққы нәтижесінде Changan автокөлігінің қозғалтқышы қарсы жолаққа ұшып, Ford Focus көлігіне тиіп өткен», — деп хабарлады полиция.

    Оқиға орнында Changan көлігінің жолаушылары көз жұмды. Ал осы көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

    Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында трассада болған бетпе-бет соқтығыстан сегіз адам көз жұмған еді.

  • Қайғылы өрт: Түркістан облысында 12 адам қаза тапты

    Қайғылы өрт: Түркістан облысында 12 адам қаза тапты

    ТЖМ мәліметінше, жалын үйді толығымен шарпыған, Sona.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Өрт сөндірушілер ғимараттан ес-түссіз жатқан үш адамды шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Үйдің ішінен 12 адамның, оның ішінде 9 баланың денесі табылды.

    Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған: алдынғы күні шаңырақта іс-шара өтіп, бірнеше адам түнеп қалған.

    Өрттің аумағы 360 шаршы метр болған, қазір толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, Үкімет пен облыс әкіміне отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

    Қайғылы оқиға бойынша тергеу басталды.