Метка: қазақ тілі

  • Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды

    Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды

    Қазақстанның танымал əншісі әрі қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтін азаматтарға айыппұл салу туралы өзекті ұсынысымен бөлісті.

    Өнербаев өз Instagram парақшасында қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге мөлшерінде айыппұл салу қажет деген жазба жариялады.

    «Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Халық, өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын», – деп бөлісті ол.

  • Қазақ тілін менсінбеген Черчесовке айыппұл салынды

    Қазақ тілін менсінбеген Черчесовке айыппұл салынды

    Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тіліне қатысты әзілінен кейін айыппұл салынды. Бұл туралы ҚФФ басшысы Әділет Барманқұлов мәлім етті.

    Қателіктер бар. Біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шығып кетті. Мен онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдылығын түсіндірдім. Біз онымен әңгімелесу түрінде жұмыс өткіздік. Оған айыппұл салынды, — деді федерация басшысы Әділет Барменқұлов.

    Сондай-ақ ол салынған айыппұл көлемі 200 АЕК немесе 738 400 теңгені қамтитынын атап өтті.

  • Қазақстандық футболдағы бас бапкердің басы дауға қалды

    Қазақстандық футболдағы бас бапкердің басы дауға қалды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің басы тағы да дауға қалды. Ол қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке келемеждеп жауап берген. «Французша сұрап тұрсың ба», деп орынсыз қалжыңдаған. Осы жайттан кейін туризм және спорт министрлгі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті. Спорт министрлігі мұндай жағдайдың қайталанбауын ескертті.

    ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етіп отыр.

    Ведомствоның мәлімдеуінше, әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал таралып, қоғам тарапынан наразылық туған.

    «Федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді. Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз», делінген хабарламада.

     

    Ал, еліміздің футбол федерациясы Станислав Черчесовтің қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайтынын айтып ақталды.

    «Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндірі өту қажет деп санайды. Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын. Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз», — деп түсініктеме берді Футбол федерациясының баспасөз қызметі.

    Еске салайық, бас бапкердің басы дауға қалған бұл бірінші жағдай емес. Бірер ай бұрын Черчесов баспасөз мәслихаптында қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке шүйліккен болатын. Желіде бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырғаннан кейін бас бапкер қазақ тілін оқып жатырмын деп құтылған болатын. Спорт министрлігі еліміздегі өзге де федерацияларды мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауғ шақырады. Орынсыз қалжыңға жол жоқ екенін қатаң ескертеді.