Метка: Қазақстан азаматы

  • Қазақстандық алтын кенішіне заңсыз кіргені үшін қамауға алынды

    Қазақстандық алтын кенішіне заңсыз кіргені үшін қамауға алынды

    Қазақстан азаматы алтын өндіретін кәсіпорын аумағына заңсыз кіргені үшін жауапқа тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Sona.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

    Соттың ресми Telegram-каналына сәйкес, 506-бапқа сай заңсыз кіру фактісі бойынша әкімшілік іс Мойынқұм аудандық сотында қаралды.

    Анықталғандай, 2025 жылғы шілдеде ер адам жеке күзет ұйымымен қорғалған, қауіпті өндірістік нысан болып саналатын кәсіпорын аумағына заңсыз кірген.

    Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінгенін айтып, жазаны жеңілдетуді сұраған. Оның кінәсі протоколдар, полиция қызметкерлері мен кәсіпорын өкілдерінің түсіндірмелерімен расталған.

    506-бапқа сәйкес, аталған құқық бұзушылық үшін 15 АЕК (58 980 теңге) айыппұл салу немесе 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

    Сот ер адамның кінәлі екенін анықтап, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Сот шешімі заңды күшіне енген.

  • Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар – Сыртқы істер министрлігі

    Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар – Сыртқы істер министрлігі

    Қазір Сирияда Қазақстанның 33 азаматы тұрып жатыр, оның көбі әйел. Бұл туралы бүгін сенатта сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті.

    Журналистер Сириядағы билік төңкерісі кезінде Қазақстан азаматтарының жағдайы не болады деген сұрақ қойған.

    «Сириядағы, жалпы, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталды деп айтуға болады. Ол жақта жылдар бойы тұрып келе жатқан, тұрмыстағы әйелдер мен балалар бар. Қазір олармен байланыстамыз. Олар кез келген ақпарат құралын пайдаланып, Консулға хабарласа алады. Консул біздің сыртқы істер министрлігіне байланысқа шығады», – деді ол.

    Журналистердің нақты неше адам деген сұрағына жауап берген Бақаев «қателеспесем, 33 адам бар. Одан аспайды. Осы 33 кісімен байланыстамыз», – деп жауап берді.

  • Оңтүстік Кореяда 15 мың Қазақстан азаматы заңсыз жүр

    Оңтүстік Кореяда 15 мың Қазақстан азаматы заңсыз жүр

    Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Ведомство осы бағытта келісімшарт әзірлеген. Қазір құжат жобасын Оңтүстік Кореяның мемлекеттік органдары қарастырып жатыр. Аталған мәселе бойынша Қазақстанға үш талап қойылған.

    «Біріншісі, Кореядағы елшілікте аталған жұмыстармен айналысатын атташе лауазымын енгізу, сосын 15 мың қазақстандықты елге шақырту, үшіншісі — халықаралық сертификатқа қатысты», деді министр.

    Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарын қайтару кезінде ешқандай әкімшілік әрі құқықтық міндеттеме талап етілмейді. Олар әуежайдан билет сатып алып елге қай